Шу ауданының Қоғамдық
кеңесі отырысының
2026 жылғы 22 қыркүйектегі
№6хаттамалық шешімі
Қонаев ауылынәлеуметтік-экономикалық дамыту бағытындаатқарылып жатқан жұмыстар және салықтық түсімдердің орындалуы мен жұмсалуы туралы
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қонаев ауылының әкімі Н.Нұрмағамбетовтің есебін талқылай келе және қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, Шу ауданының қоғамдық кеңесі төмендегідей ҰСЫНЫМДАР ҚАБЫЛДАДЫ:
1.«Қонаев ауылынәлеуметтік-экономикалық дамыту бағытындаатқарылып жатқан жұмыстар және салықтық түсімдердің орындалуы мен жұмсалуы туралы» Қонаев ауылының әкіміН.Нұрмағамбетовтіңесебіназарға алынсын.
2.Қонаев ауылының әкімі Н.Нұрмағамбетовке:
1)Қонаев ауылы әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізу жөнінде нақты шаралар қабылдасын;
2)Қонаев ауыл аумағындағы өсіп кеткен, қураған талдарды кесу, санитарлық тазалықтың тұрақты сақталуын қамтамасыз етсін;
3)Қонаев ауылы тұрғындарының үй маңына жеткізілген ауыз суды әрбір тұрғын үйге қосу жұмыстарын ұйымдастыруды ары қарай жалғастырсын;
4)Қонаев ауылы көшелерін толық жарықтандыру жұмыстарын кезең-кезеңмен жүргізуді бақылауда ұстасын;
5)Қонаев ауылындағы тұрғын үйлердің нақты санын айқындай отырып, жергілікті бюджетке түсетін салық көлемін ұлғайту тетіктерін қарастырсын және төртінші деңгейдегі бюджетке жыл соңына дейін түсетін салықтық түсімдердің толық орындалуын қамтамасыз етсін;
3.Осы ұсынымдардың орындалуын бақылау қоғамдық кеңес мүшелеріне жүктелсін.
Қоғамдық кеңес төрағасыТ.Әрістеев