Шемонаиха ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізеді

    Шемонаиха ауданының әкімдігі

    Ақпараттық хабар

    Шемонаиха ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізеді.

    Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғаларды қоспағанда, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына бір жыл бойы қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздарына рұқсат етіледі.

    Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер және конкурс ұсыныстары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1 бабының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының» талаптарына сәйкес болуы тиіс.

    Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу он бес жұмыс күн ішінде 2026 жылғы 26 маусымнан 2026 жылғы 17 шілдеге дейін ШҚО, Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, Анатолий Иванов атындағы көшесі, 59 «Шемонаиха ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, 114 кабинеті мекенжайы бойынша жүзеге асырылады, телефоны 8(72332) 3-19-57.

    Конкурстық өтінімдері бар конверттер2026 жылғы 20 шілдеде сағат 10.00-деШҚО, Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, Анатолий Иванов атындағы көшесі, 59 мекенжайында (аудандық әкімдіктің ғимаратында) ашылатын болады.

    Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

    1. конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

    2) конкурстық ұсыныс;

    Конкурстық ұсыныста:

    1. Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын

    өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

    2) Ішкішаруашылық жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

    3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

    Конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша екі өтінімнен кем келіп түскен;

    Егер конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден кем қатысушы жіберілген жағдайларда, өткізілмеді деп танылады.

    Жүктеу
    Акимат Шемонаихинского района проводит конкурс по предоставлению земельных участков в аренду для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства
    Акимат Шемонаихинского района проводит конкурс по предоставлению земельных участков в аренду для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства
    DOC · 141 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А.Сақтағанов Шемонаиха ауданының активімен кездесуде берген тапсырмаларды орындау бойынша іс-шаралар жоспары

    Шемонаиха ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Басқа

    2026 жылдың 4 тоқсанына арналған Шемонаиха ауданының денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің сұранысқа ие мамандарының тізбесін бекіту туралы

    Шемонаиха ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шемонаиха ауданында оңайлатылған декларациянегізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    Шемонаиха ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 қарашадағы№ 41/3-VIII «Шемонаиха ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Шемонаиха ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Расул Рысмамбетов, қаржыгер, «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры: «Егер адам қарттық шағына қаражат жинамаса, мемлекет қалай да бір амалын тауып, «тегін қияр мен қызанақ» беретініне кәміл сенсе, қатты қателеседі, өкінішке орай… Өзіміз үшін тек өзіміз ғана жинақтай аламыз»

    Шемонаиха ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы қыркүйекте жалпыұлттық статистикалық зерттеулер бойынша респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесі

    Шемонаиха ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті

    Шемонаиха ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Кесте

    Шемонаиха ауданы әкімі аппаратында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелері бойынша қабылдаудың 2026 жылдың үшінші тоқсанына арналған кестесі

    Шемонаиха ауданының әкімдігіЖарияланды: