Мақат ауданы Бәйгетөбе ауылдық округі әкімініңсайлау қорытындысы туралы хабары
2026 жылғы 27 қыркүйек күні Мақат ауданы Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімін сайлауы өтті.
Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10 бабына сәйкес, Мақат ауданы Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Бәйгетөбе сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1130 азамат енгізілді, олардың ішіндегі дауыс бергендер саны 588. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 10, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 45.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Г.Т.Жаконова – 104;
Н.Т.Исполов – 124;
Б.А.Кенжеғали – 305.
Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі болып Кенжеғали Берік Ақылбекұлы сайланды. 1989 жылы туған, Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Мақат ауданы Мақат кенті тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы