Аудан әкімдігінің қаулы жобасы
Жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17-бабының 5-1 тармақшасын және 69-бабы 4-тармағын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабын басшылыққа алып, «NeogenEnergyDevelopment» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2026 жылғы 31 шілдедегі №ЗТ-2026-033060 өтініші негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «NeogenEnergyDevelopment» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Мақат ауданы, Шығыс Онғар кен орынынан пайдалы қазбаларды барлау және өндіру мақсатында жалпы ауданы 2133 гектар жер учаскесіне 2029 жылдың 14 желтоқсанына дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
- Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің осы салаға жетекші ететін орынбасары Б.Әбуовке жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін
уақытша атқарушы Б.Әбуов