Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер көрсетілетін қызметті алушылар Қағидалардың 1-қосымшасының 9-тармағында қарастырылған мынадай құжаттарды қағаз және электрондық түрде (USB сақтау құралында) ұсынады:

    Алматы қаласы білім басқармасы

    Хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы
    29 желтоқсандағы №532 «Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Алматы қаласы Білім басқармасы 0-ден 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау үшін мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерін ұсынатын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін 2026 жылға конкурс өткізеді.

    Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер көрсетілетін қызметті алушылар Қағидалардың 1-қосымшасының 9-тармағында қарастырылған мынадай құжаттарды қағаз және электрондық түрде (USB сақтау құралында) ұсынады:

    1) өтініш;

    2) көрсетілетін қызметті алушы басшысының қолымен куәландырылған бейнебақылау камераларын, дабыл түймесін және дауыстық хабарландыруды орналастыру схемасы;

    3) "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) сәйкес медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға аумақтық бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымымен жасалған шарт;

    4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

    5) мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерде жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу жүргізілгені туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжат болмаған жағдайда жалдау, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару шартының мерзімі мемлекеттік білім беру тапсырысын игеру уақыты аяқталғанға дейін жарамды жалдау, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару шарты бар жалдау, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжат.

    Көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

    Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін алады.

    Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер арқылы (www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы, www.elicense.kz) мынадай құжаттардың болуын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

    1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар және (немесе) қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;

    2) медициналық көмек (медициналық қызмет) көрсетуге арналған шарт болмаған жағдайда, медициналық қызметке лицензия;

    3) көрсетілетін қызметті алушының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

    4) конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер;

    5) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу жүргізілгені туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжат.

    Бұдан басқа, конкурсқа қатысуға мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар көрсетілетін қызметті алушылар және:

    1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш) негізінде № 385 бұйрықпен бекітілген әлеуметтік-педагогикалық жіктелуге сәйкес балалардың дамуындағы бұзылыстар санаттары (есту, көру қабілеті, тірек-қозғалыс аппараты, зердесі, сөйлеу тілі бұзылған, психикалық дамуы тежелген, қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-әрекеттің бұзылысы немесе қиындықтары бар (аутистік спектрдің бұзылуы), күрделі (үйлескен) бұзылыстары) бойынша орындар санын;

    2) "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкес жағдайларды;

    3) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі қағидалары) сәйкес жағдайларды;

    4) төтенше жағдайлар туындаған кезде хабарлауды (дабыл түймешесінің, автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесінің болуы);

    5) "Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27414 болып тіркелген) терроризмге қарсы қорғалуды;

    6) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын және бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) сәйкес ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін арнаулы жағдайларды, № 385 бұйрықпен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдарының 4-тарауына сәйкес психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері қызметінің үлгілік ережелері бойынша арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыруды;

    7) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыруды;

    8) Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қызмет көрсетуді және алғашқы медициналық көмек көрсетуді;

    9) "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық немесе тиісті бейін бойынша өзге кәсіптік білімі бар педагогикалық құраммен және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шiлдедегi № 224 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелген) сәйкес штат санымен;

    10) № 12 бұйрыққа сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелуді қамтамасыз еткендер жіберіледі.

    Конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсыру мерзімі – 2026 жылғы 28 қыркүйектен
    бастап 1 қазанға дейін (қоса алғанда).

    Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 08.30-дан 18.00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін) мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Республика алаңы, 4 (Желтоқсан көшесі жағынан кіреберіс), Алматы қаласы Білім басқармасының кеңсесі (тел.: 225-17-93, 225-17-94).

    Жүктеу
    5bcac5d6a0c577aed2bf7666e0131dfa9113307a15e8f08dcf1f7f6b49ae1f6c_original.17123.docx
    DOCX · 17 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хаттама

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығының 6-тарау, 30-тармағына сәйкес талаптарды сақтау және қамтамасыз ету бойынша жоспарлы мониторингтің хаттамасы

    Алматы қаласы білім басқармасыЖарияланды:
    Хаттама

    талаптарға сәйкестік/сәйкессіздік туралы № 6 хаттама

    Алматы қаласы білім басқармасыЖарияланды:
    Анықтама

    2026 жылғы тамыз айындағы мемлекеттік қызметтер бойынша талдамалық анықтама

    Алматы қаласы білім басқармасыЖарияланды:
    Жоспар

    Алматы қаласы Білім басқармасының 2026 жылға арналған жұмыс күнтізбелік жоспары

    Алматы қаласы білім басқармасыЖарияланды:
    Ақпарат

    ПИЛОТТЫҚ АТТЕСТАТТАУ ЖОБАСЫ

    ПИЛОТТЫҚ АТТЕСТАТТАУ ЖОБАСЫ ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а.5 маусым 2026 жыл № 157-НҚ бұйрығымен бекітілген жылғы аттестацияда пилоттық жоба қатысушылары: 01- Өтініш беру 2026 жылғы 1 қыркүйектен 15 желтоқсанға дейін (ПБ...

    Алматы қаласы білім басқармасыЖарияланды:
    Ақпарат

    Алматы қаласы Білім басқармасының 2026 жылға бекітілген бюджеті

    Алматы қаласы білім басқармасыЖарияланды:
    Ақпарат

    Колледждерің телефон анықтамалары

    Алматы қаласы білім басқармасыЖарияланды:
    Бұйрық

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығы

    Алматы қаласы білім басқармасыЖарияланды: