«Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – Әлеуметтік мәселелер және халықаралықтандыру жөніндегі проректоры бос лауазымына орналасуға конкурс

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

    «Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасы, 110300, Арқалық қаласы, Әуелбеков көшесі, 17 мекенжайы бойынша орналасқан «Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі –Әлеуметтік мәселелер жәнехалықаралықтандыру жөніндегі проректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

    Қызмет мақсаты: университеттің әлеуметтік және халықаралық қызметін стратегиялық дамыту, білім алушылар мен қызметкерлер үшін қолайлы білім беру және әлеуметтік орта қалыптастыру, халықаралық әріптестікті және академиялық ұтқырлықты дамыту, сондай-ақ университеттің халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялануын қамтамасыз ету.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, тиісті салалардағы білім беру ұйымдарында және (немесе) уәкілетті органдарда басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

    Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:

    1) жиырма бес жасқа толмағандар;

    2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағандар;

    3) өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы барлар;

    4) арнайы медициналық мекемелерде есепте тұрғандар;

    5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

    Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

    1) белгіленген нысандағы өтініш;

    2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    3) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен белгіленген нысандағы конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

    4) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары:

    - «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленген Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына кіретін білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдің білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі;

    - «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтағандығы туралы куәліктің көшірмесі қоса беріледі;

    - өзара тану және баламылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына кіретін білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;

    5) жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    6) құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген тиісті нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) ұсынады;

    7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Наркологиялық ұйымнан анықтама;

    9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.

    Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушылар конкурсқа қатысушылар 7, 8 және 9-тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, 110300, Арқалық қаласы, Әуелбеков көшесі, 17 тапсыру қажет. телефоны: 8 (71430) 7-24-88.(кабинет 210),Е-mail: [email protected]

    Жүктеу
    7d4df18623fd759c46f375dc124b226afa9a8dd6ec0e42adae84b0514770ec6c_original.19410.docx
    DOCX · 19 КБ
    Жүктеу
    d341d3aee3b12dec3f16474fc54fb4fd2dc166d9fbc94adbacee023289dea8c2_original.13378.docx
    DOCX · 13 КБ
    Жүктеу
    00e05e9c6334b529605cc08aeb3969b391e46516ac45393162451cd7259e9b69_original.18242.docx
    DOCX · 18 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Информация Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан о реализации принятых законодательных актов на 30 октября 2026 года

    Заңнамалық актілерді іске асыру үшін қабылдануы қажет заңға тәуелді актілердің тізбесі туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 30 қазандағы ақпараты

    Бұйрық

    «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 7 қарашадағы №135 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 23 қазандағы № 493 бұйрығы

    Бюджет

    2026 жылға арналған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бюджеті

    Есеп

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026 жылы ІІІ тоқсандағы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есебі

    Қазіргі уақытта Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Министрлікке 27 мемлекеттік қызмет кіреді. Есепті кезеңде (2026 жылғы 3-тоқсанда) Ғылым және жоғары білім саласында 108249, оның ішінде 108 082 жеке, 167 – заңды тұ...

    Хабарландыру

    «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры бос лауазымына конкурс

    «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс...

    Мемлекеттік сатып алу жоспары

    «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі аппараты басшысының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 599 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР ҒЖБМ аппараты басшысының 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 465 бұйрығы

    Ақпарат

    ҚР ҒЖБМ Ғылым, жоғары білім және тіл саясаты мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің Қазақстан Республикасы жоғары білім қызметкерлері күнімен құттықтауы

    Ақпарат

    Заңнамалық актілерді іске асыру үшін қабылдануы қажет заңға тәуелді актілердің тізбесі туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі ақпараты

    Заңнамалық актілерді іске асыру үшін қабылдануы қажет заңға тәуелді актілердің тізбесі туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігнің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі ақпараты