«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 – бабының 9-тармағына сәйкес Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды.
Т.Көмекбаев ауылдық округінің әкіміне барлығы 4 кандидат ұсынылды. 1 кандидат өзінің өтініші бойынша кандидаттығын алып тастады. Ағымдағы жылдың 21 маусым күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді. Кандидаттардың барлығы өзін-өзі ұсынғандар.
Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша 4 кандидаттардың сәйкестігі анықталды.
Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына тіркелген кандидаттардың құжаттары жолданды.
Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды. Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссиясына өтініштер түскен жоқ.
КАНДИДАТ БОЛЫП ТІРКЕЛДІ:
- Әбдиев Бахытжан Жүргенұлы – 1984 жылы туған. Ұлты қазақ. Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының адвокаты. Қызылорда қаласы, Белкөл кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
- Еркебаев Ерлан Мырзабекович – 1984 жылы туған. Ұлты қазақ. Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі. Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
- Қаниев Қайрат Бөгенбайұлы – 1974 жылы туған. Ұлты қазақ. Қармақшы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің әдіскері. Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.