Абай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімі туралы ережесі

    ·

    Абай ауданы әкімі аппаратының

    персоналды басқару қызметібөлімітуралы ереже


    1-тарау. Жалпы ереже
    лер

    1. Персоналды басқару қызметі бөлімі «Абай ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
    2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын (бұдан әрі – Заң), мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
    3. 3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде Абай ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
    4. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі):

    1) Бөлім басшысы ;

    2) Бас маманнан тұрады.

    2-тарау. Персоналды басқару қызметібөлімінің
    мақсаттары,құқықтары мен міндеттері

    1. 5.Мақсаты:

    1) Аудан әкімі аппартының мақсаттарына қол жеткізуге көмек көрсету;

    2) Кадрлардың кәсіпқойлығы мен мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;

    3)Қажетті кадрлармен қамтамасыз ету, ұйымның игілігі мен жұмыскерлердің жеке мүддеделерін ескере отырып, әрекет ететін еңбекке қабілетті ұжымды қалыптастыру.

    1. Құқықтары мен міндеттері:

    1) Персоналды басқару қызметі бөліміне оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді;

    2) Персоналды басқару қызметі бөлімі Заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді;

    3) Оған Заңмен және осы Үлгілік ережемен жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады;

    4) Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.

    5) Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру;

    6) Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету;

    7) Мемлекеттік органда ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту.

    1. Функциялары:

    1) мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

    2) мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

    3) мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;

    4) мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасы (ақпараттық жүйесінде) арқылы жүргізу.

    5) мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;

    6) мемлекеттік органның кадрларының кәсіби дамыту, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына сәйкес тағлымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолымен қамтамасыз ету;

    7) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

    8) мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету, қызметтік тексерістерді жүргізу, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту жүргізу, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде);

    9) кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру.

    10) мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету;

    11) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу.

    12) Персоналды басқару қызметі бөлімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.

    3-тарау. Персоналды басқару қызметі бөлімінің қызметін ұйымдастыру

    1. Персоналды басқару қызмет бөлімінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
    2. Персоналды басқару қызметі бөлімі «Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдастырушылық дербес, аппарат басшысына тікелей бағынады.
    3. Аппарат басшысы персоналды басқару қызметі бөлімінің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
    4. Аппарат басшысы аудан әкіміне персоналды басқару қызметі бөлімінің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
    5. Персоналды басқару қызметі бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы қол қояды.
    Жүктеу
    1c21bd8f2a03cccf9aa079179464915a_original.14883.docx
    DOCX · 15 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мү...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды

    Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсат...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Постомат 24/7: Абай облысының тұрғындары құжаттарды алудың ыңғайлы тәсілін жиі таңдауда

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың Абай облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған заманауи цифрлы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Саяси партияларға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі

    Саяси партияларға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі № р/с Елді-мекен атауы Үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар 1 Қарауыл ауылдық округі «Абай» алаңы, «Айсұлу» дүкені ғимаратының...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сайлаушылармен кездесу өткізу орындары

    Сайлаушылармен кездесу өткізу орындары № р/с Елді-мекен атауы Кездесу өткізу орны 1 Қарауыл ауылдық округі "Абай аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Мамай көше...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жер конкурсының ашылу хаттамалық шешімдері 2026

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жер конкурсының ашылу хаттамасы 2026

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Абай аудандық қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналған ережесі

    Қоғамдық кеңес туралы үлгі ереже1-тарау. Жалпы ережелер1. Қоғамдық кеңес туралы осы үлгі ереже (бұдан әрі Үлгі ереже деп аталады) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі Заң деп аталады) 2-1...

    Жарияланды: