Үйге барып қызмет көрсету аясында ерекше қажеттілігі бар 9 мыңнан астам азамат қамтылды

    Қордай ауданының әкімдігі

    Үйге барып қызмет көрсету аясында ерекше қажеттілігі бар 9 мыңнан астам азамат қамтылды

    Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы үшін мемлекеттік қызметтердің баршаға бірдей қолжетімді болуы маңызды. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚКО-ға өзі келе алмайтын ерекше қажеттілігі бар жандарға және жүріп-тұруы шектелген тұрғындарға мамандар үйіне барып, тегін қызмет көрсетеді.

    2026 жылдың басынан бері Мемлекеттік корпорация мамандары 12 мыңға жуық азаматтың үйіне барып, 9 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. Үй жағдайында көрсетілген қызметтердің ішінде сұранысқа ие болғандардың қатарында паспорт пен жеке куәлік беру, электрондық цифрлық қолтаңба рәсімдеу және тұрғын үй көмегін тағайындау бар.

    Маманды үйге шақыртып, мемлекеттік қызмет алуға I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, сондай-ақ денсаулық жағдайына байланысты жүріп-тұруы шектелген азаматтар құқылы.

    Маман шақыру үшін Мемлекеттік корпорация сайтындағы «Қызметтер» бөлімі арқылы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыру қажет. Бұдан кейін қызметкер азаматтың үйіне барып, қажетті құжаттарды қабылдайды. Дайын болған қызмет нәтижесі көрсетілген мекенжайға тегін жеткізіледі.

    Еске сала кетейік, ХҚКО-ға өзі келетін ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін барлық жағдай жасалып, кедергісіз жайлы орта қалыптасқан. Ал кезексіз қызмет алуға құқылы келушілерге арнайы жеңілдік терезелері арқылы жедел қызмет көрсетіледі.

    Сонымен қатар, еліміздегі барлық фронт-офистер ыңғайлы пандустармен, көмек шақыру батырмаларымен, көру қабілеті шектеулі жандарға арналған тактильді тақталармен және арнаулы арбалармен қамтылған.

    Жүктеу
    90f508709735fe72f567cb842059882d8ae024c5d743ab38c46c42695b2e5fa5_original.574432.docx
    DOCX · 561 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 - 2027 жылға сұранысқа ие мамандықтар тізбесін алдағы кезеңге бекіту туралы

    Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарыны...

    Қордай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 - 2027 жылдарға сұранысқа ие мамандардың тізімі

    Қордай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы « 09 » қазандағы № 415 қаулысына қосымша 2026 - 2027 жылдарға сұранысқа ие мамандардың тізімі Р/с Мекеме атауы Мамандықтың атауы Саны Денсаулық сақтау саласы 1 Әлжан ана ауылы дәрі...

    Қордай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Басқа

    Ақпараттық-хабарлама Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы бойынша конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

    Қордай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Басқа

    Қоршаған ортаға әсерді бағалау ауқымын айқындау және/немесе ұсынылатын қызметтің әсерлеріне қатысты скрининг жүргізу жөніндегі қорытынды

    Қордай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Басқа

    Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар

    Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар 1 қазан - Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Бұл айтулы дата - аға буынның өмірлік тәжірибесі мен атқарған еңбегін ұлықтайтын күн. Бүгінде олардың басым бөлігі - зейнеткерле...

    Қордай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Басқа

    Қоршаған ортаға әсерді бағалау ауқымын айқындау және/немесе ұсынылатын қызметтің әсерлеріне қатысты скрининг жүргізу жөніндегі қорытынды

    Қордай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Басқа

    Қоршаған ортаға әсерді бағалау ауқымын айқындау және/немесе ұсынылатын қызметтің әсерлеріне қатысты скрининг жүргізу жөніндегі қорытынды

    Қордай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Басқа

    Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелеріне негізделген қорытынды

    Қордай ауданының әкімдігіЖарияланды: