«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма мүшесі-ғылыми жұмыс жөніндегі проректор бос лауазымына орналасуға конкурс

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

    140000, Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесі «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма мүшесі-ғылыми жұмыс жөніндегі проректор бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

    Қызметтің негізгі мәні – жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну.

    Қызметтің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы;

    - білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдарда басшы лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы;

    - ғылыми дәрежесінің болуы.

    Конкурсқа қатысқанға дейін тұлғалар жіберілмейді:

    1) жиырма бес жасқа толмаған;

    2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

    3) өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар;

    4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған адамдар;

    5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

    Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

    1) арнайы үлгідегі өтініш;

    2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    3) 3х4 үлгідегі түрлі түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының арнайы үлгідегі қызметтік тізімі;

    4) білім туралы құжаттар мен оларға қосымшалардың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқалары:

    - шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, шетелдік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының азаматтары алған білім туралы құжаттардың көшірмесіне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданысына енетін білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмесі қоса беріледі.;

    - «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмесіне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;

    - өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмесіне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмесі қоса беріледі;

    5) жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    6) № 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды) құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген;

    7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;

    9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.

    Тиісті мемлекеттік органдар шектеу ic-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсететін қызметті алушылар Конкурсқа қатысушылар 6, 7 және 8-тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, 140000, Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс (119-каб., бас оқу ғимараты), телефон: 8 (7182) 55-27-83, ұялы тел.: 8 (705) 385-85-85.

    Жүктеу
    d64235368e141f9bd25522fc78f9e1c2f30ed8e99b21b589410daada93fbcf95_original.16740.docx
    DOCX · 16 КБ
    Жүктеу
    5b1572a68b13af750c2716742bfe5354c57ae41fc8bb06b062d7234cb65730d6_original.25590.docx
    DOCX · 25 КБ
    Жүктеу
    ee9929b58f9e67c943e9e73f42066ae1810ee89eb63816a2bce37828e3c313f2_original.30474.docx
    DOCX · 30 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Информация Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан о реализации принятых законодательных актов на 30 октября 2026 года

    Заңнамалық актілерді іске асыру үшін қабылдануы қажет заңға тәуелді актілердің тізбесі туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 30 қазандағы ақпараты

    Бұйрық

    «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 7 қарашадағы №135 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 23 қазандағы № 493 бұйрығы

    Бюджет

    2026 жылға арналған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бюджеті

    Есеп

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026 жылы ІІІ тоқсандағы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есебі

    Қазіргі уақытта Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Министрлікке 27 мемлекеттік қызмет кіреді. Есепті кезеңде (2026 жылғы 3-тоқсанда) Ғылым және жоғары білім саласында 108249, оның ішінде 108 082 жеке, 167 – заңды тұ...

    Хабарландыру

    «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры бос лауазымына конкурс

    «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс...

    Мемлекеттік сатып алу жоспары

    «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі аппараты басшысының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 599 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР ҒЖБМ аппараты басшысының 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 465 бұйрығы

    Ақпарат

    ҚР ҒЖБМ Ғылым, жоғары білім және тіл саясаты мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің Қазақстан Республикасы жоғары білім қызметкерлері күнімен құттықтауы

    Ақпарат

    Заңнамалық актілерді іске асыру үшін қабылдануы қажет заңға тәуелді актілердің тізбесі туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі ақпараты

    Заңнамалық актілерді іске асыру үшін қабылдануы қажет заңға тәуелді актілердің тізбесі туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігнің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі ақпараты