«Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Басқарма мүшесі – Цифрландыру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректордың бос лауазымына орналасуға қайта конкурс

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

    «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 080000, Тараз қаласы, Қаныш Сәтбаев көшесі, 28 мекенжайы, «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма мүшесі – Цифрландыру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректордың бос лауазымына орналасуға қайта конкурс жариялайды.

    Қоғам қызметінің негізгі нысанасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсету болып табылады.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Басқарма мүшесі – Цифрландыру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор лауазымы бойынша:

    1) ақпараттық технологиялар, техникалық немесе инженерлік білім, мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, менеджмент не сабақтас салалар бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы. IT-менеджмент, цифрлық трансформация, жобаларды немесе жылжымайтын мүлікті (активтерді) басқару саласындағы қосымша сертификаттарының болуы артықшылық болып табылады;

    2) басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл;

    3) IT бағытын басқару немесе цифрландыру жобаларын, оның ішінде мемлекеттік органдарда немесе білім беру ұйымдарында іске асыру бойынша расталған тәжірибесінің болуы;

    4) бюджеттеуді, объектілерді пайдалануды немесе активтерді басқаруды қоса алғанда, әкімшілік-шаруашылық басқару тәжірибесінің болуы;

    5) жоғары білім беру жүйесіндегі немесе мемлекеттік сектордағы жұмыс тәжірибесі елеулі артықшылық ретінде қарастырылады; жасанды интеллект технологияларымен және процестерді автоматтандырумен жұмыс істеу тәжірибесінің болуы құпталады;

    6) ұйымдарды цифрлық трансформациялаудың заманауи тәсілдері мен әдіснамаларын; ақпараттық жүйелер архитектурасын, электрондық құжат айналымы платформаларын және LMS-ті; жасанды интеллект технологияларын және әкімшілік процестерді автоматтандыруды; ақпараттандыру, дербес деректерді қорғау және мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын; жылжымайтын мүлікті басқару және ғимараттарды техникалық пайдалану негіздерін; қаржылық менеджмент және бюджеттік жоспарлау негіздерін; өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік талаптарды білуі.

    Конкурсқа қатысуға мынадай тұлғалар жіберілмейді:

    1) жасы жиырма беске толмаған тұлғалар;

    2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғалар;

    3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар;

    4) арнаулы медициналық мекемелерде есепте тұрған тұлғалар;

    5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.

    Конкурсқа қатысу үшін кандидат Қоғамның Корпоративтік хатшысына қағаз және электрондық тасымалдағыштарда мынадай құжаттарды ұсынады:

    1) өтініш;

    2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    3) көлемі 3х4 түрлі түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

    4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері:

    – Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі. Бұл талап «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері – Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарға, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттарға қолданылмайды;

    – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтағаны туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;

    – өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;

    5) қазіргі немесе соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    6) құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес психоневрологиялық ұйымнан алынған анықтама;

    7) құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес наркологиялық ұйымнан алынған анықтама;

    8) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымды атқаруға тыйым салынбағанын растайтын құжат.

    Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде конкурсқа қатысушылар 6), 7) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

    Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметі мен біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) ұсына алады.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

    Әңгімелесудің күні, уақыты, орны және форматы конкурсқа жіберілген кандидаттарға қосымша хабарланады.

    Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 080000, Тараз қаласы, Қаныш Сәтбаев көшесі, 28, бас ғимарат, 213 кабинет, Қоғамның Директорлар кеңесінің Корпоративтік хатшысы Джабаилдаева Гульнар Токсанбаевна.

    Тел.: +7 778 169 06 26, +7 707 171 32 47.

    Электрондық пошта: [email protected].

    «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасын – Ректорын іріктеу және тағайындау және Басқарма мүшелерін сайлау тәртібімен Қоғамның https://kaznuvhi.edu.kz/ ресми сайтында немесе Қоғамның Корпоративтік хатшысынан танысуға болады.

    Жүктеу
    ad70c39914129f54b2d5debba2abcfac044838e610084d8a2c0447b225e5f363_original.31251.docx
    DOCX · 31 КБ
    Жүктеу
    9cf9976e81e4ebfff17bb126468066508da6a47f065809eaad40e5c034141de3_original.17267.docx
    DOCX · 17 КБ
    Жүктеу
    0b1453b5cbfa9a79ebf0b24ca6ab05b767d0b06e077686fde03e3696cc30d748_original.22228.docx
    DOCX · 22 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Информация Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан о реализации принятых законодательных актов на 30 октября 2026 года

    Заңнамалық актілерді іске асыру үшін қабылдануы қажет заңға тәуелді актілердің тізбесі туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 30 қазандағы ақпараты

    Бұйрық

    «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 7 қарашадағы №135 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 23 қазандағы № 493 бұйрығы

    Бюджет

    2026 жылға арналған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бюджеті

    Есеп

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026 жылы ІІІ тоқсандағы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есебі

    Қазіргі уақытта Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Министрлікке 27 мемлекеттік қызмет кіреді. Есепті кезеңде (2026 жылғы 3-тоқсанда) Ғылым және жоғары білім саласында 108249, оның ішінде 108 082 жеке, 167 – заңды тұ...

    Хабарландыру

    «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры бос лауазымына конкурс

    «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс...

    Мемлекеттік сатып алу жоспары

    «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі аппараты басшысының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 599 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР ҒЖБМ аппараты басшысының 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 465 бұйрығы

    Ақпарат

    ҚР ҒЖБМ Ғылым, жоғары білім және тіл саясаты мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің Қазақстан Республикасы жоғары білім қызметкерлері күнімен құттықтауы

    Ақпарат

    Заңнамалық актілерді іске асыру үшін қабылдануы қажет заңға тәуелді актілердің тізбесі туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі ақпараты

    Заңнамалық актілерді іске асыру үшін қабылдануы қажет заңға тәуелді актілердің тізбесі туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігнің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі ақпараты