ТББ бойынша жиі қойылатын сұрақтар

    Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Сұрақ №1: Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңына сәйкес халықаралық іскерлік операцияларға не жатады және қандай мәмілелерге бақылау жүргізіледі?

    Жауап: Заңның 2-бабының 31-тармағына сәйкес, халықаралық іскерлік операциялар – мәмілелердің бір тарапы Қазақстан Республикасында тіркелмеген бейрезидент болып табылатын, ал екінші тарапы Қазақстан Республикасының резиденті немесе Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент болып табылатын мәмілелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттерімен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде жасалған мәмілелер.

    Заңның 3-бабының 1-тармағына сәйкес, трансферттік баға белгілеу саласындағы бақылау халықаралық іскерлік операцияларға, сондай-ақ халықаралық іскерлік операциялармен тікелей байланысты Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын мәмілелерге жүргізіледі, оның ішінде:

    • тараптардың бірі жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын және өндірілген пайдалы қазбаларды іске асыруға қатысты мәмілелер;
    • тараптардың біріне салықтық жеңілдіктер берілген мәмілелер;
    • мәміле жасалған жылға дейінгі соңғы екі салықтық кезең бойынша салық декларацияларында шығындары көрсетілген тарап қатысатын мәмілелер;
    • тараптары әртүрлі корпоративтік табыс салығы мөлшерлемелерін қолданатын мәмілелер.

    Сұрақ №2: Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңына сәйкес қандай салық төлеушілер мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті тапсырады?

    Жауап: Трансферттік баға белгілеу туралы Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес, мәмілелер мониторингі халықаралық іскерлік операцияларға қолданылады.

    Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық іскерлік операциялар бойынша ұсынылады.

    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы №176 бұйрығымен бекітілген Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларының 2 және 3-тармақтарына сәйкес, мәмілелер мониторингі Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының халықаралық іскерлік операциялар бойынша мәмілелерге қатысушылар қолданатын бағаларды бақылау арқылы жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №194 бұйрығымен бекітілген және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10680 болып тіркелген халықаралық іскерлік операциялар тізбесіне сәйкес халықаралық іскерлік операцияларды жүзеге асыратын және есепті қаржы жылында олардың жалпы кірісі (шығысы) және (немесе) міндеттемелері республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және есепті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 250 000 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мәмілелерге қатысушылар осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті (бұдан әрі – мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Мемлекеттік кірістер комитеті) осы Қағидаларға сәйкес есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей ұсынады. Есепті кезең күнтізбелік жыл болып табылады.

    Сұрақ №3: Қандай салық төлеушілер уәкілетті органға елдер бойынша есептілікті тапсыруға міндетті?

    Жауап: Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңының 7-3-бабының 2-тармағына сәйкес, елдер бойынша есептілікті Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын халықаралық топтың бас компаниясы ұсынады.

    Халықаралық топтың бас компаниясы елдер бойынша есептілікті ұсыну бойынша өкілеттіктерді халықаралық топтың уәкілетті қатысушысына берген жағдайда, бұл есептілікті уәкілетті қатысушы тапсырады.

    Сұрақ №4: Салық төлеушілер халықаралық топқа қатысу туралы өтінішті қандай мерзімде ұсынуы қажет?

    Жауап: Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңының 5-1-бабының 1-тармағына сәйкес, халықаралық топтың қатысушысы халықаралық топқа қатысу туралы өтінішті есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей ұсынуы тиіс.

    Жүктеу
    Вопросы по ТЦ
    Вопросы по ТЦ
    DOCX · 17 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Арнайы салық режимі

    СЕН және ережелер Нысанның атауы 910.00 нысаны Ереже Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация 920.00 нысаны Ереже Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналға...

    Ақпарат

    Корпоративтік табыс салығы

    Корпоративтік табыс салығы Жүктеу Нысанның атауы 100.00 нысаны Ереже Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация 101.02 нысаны Ереже Декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төленуге тиіс корпоративтік табыс салығы...

    Ақпарат

    Жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы

    Жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы Жүктеу Нысанның атауы 200.00 нысаны Ереже Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация 220.00 нысаны Ереже Жеке табыс салығы бойынша декларация

    Ақпарат

    ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АКТИВТЕРІ МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИ

    Ақпарат

    «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысының жобасыКазахстан»

    «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы ҮкіметініңҚаулысының жобасы 1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Қазақстан Республикас...

    Ақпарат

    Салықтық есептілікті кері қайтарып алуға өтініш «Өңделуде» мәртебесінде ұзақ тұрады?

    Салықтық есептілікті кері қайтарып алу туралы өтініш МКК ақпараттық жүйелерінде техникалық рәсімдер аяқталғанға дейін «Өңделуде» мәртебесінде болуы мүмкін. Өңдеу аяқталғаннан кейін өтініш орындалып, салықтық есептілік мә...

    Ақпарат

    Не себепті 300.00 салықтық есептілік нысаны қабылданбайды?

    Жүйеде форматты -логикалық бақылау бар болғандықтан, нысанды толтырудың дұрыстығын тексеру қажет.Егер проблема ФЛБ-ға қатысты болмаса, кейбір жағдайларда 300.00 нысанын қабылдау Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратты...

    Ақпарат

    Тауарлардың ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарының өзгеруі

    ҚР «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу» Кодексінің 40-бабына сәйскес декларант және өзге тұлғалар кедендік декларациялау кезінде және Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден...