2026 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларымен бюджетке берешекті 2,0млрд. теңгеге төмендету қамтамасыз етілді, оның ішінде:
-борышкерлердің банктік шоттарынан өндіріп алу есебінен 461,1млн. теңге;
-борышкердің мүлкін сатудан - 22,2млн. теңге;
-кейінге қалдыру/бөліп төлеу есебінен- 958,2млн. теңге;
-қайта тіркеуді жарамсыз деп тану есебінен - 365,0млн. теңге;
-борышкерлерді банкрот деп тану есебінен - 39,5млн. теңге;
-оңалту рәсімін қолдану есебінен - 157,8 млн. теңге;
-дебиторлардың банктік шоттарынан 18,1млн. теңге өндіріп алу есебінен.
«Касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы» салық органының Өкімін орындау бойынша жүргізілген 9 тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 277-ші бабына сәйкес 292,0мың теңге сомасына айыппұл салумен 9 салық төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
19 тақырыптық тексерудің нәтижелері бойынша 34,1млн. теңгесомасынадебиторлықберешекбелгіленді.
39 салық төлеуші дебиторлар тізімін ұсынбағаны үшін ҚР ӘҚБтК 288-ші бабының 1-ші бөлігі бойынша «Ескерту» түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
392 салық төлеуші ҚР ӘҚБтК 279-ші бабының 2-ші бөлігіне сәйкес 4,9млн.теңге сомасына «Төлем көзінен салық салынатын ЖТС» 101201 бюджеттік сыныптама коды бойынша төлем мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 91, 92, 92-1-ші баптары бойынша 120 төлеуші «Ескерту» түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде:
-91-ші бапқа сәйкес БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы төлемегені үшін 70 салық төлеуші;
-92-ші бап бойынша МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдарды уақтылы төлемегені үшін 26 салық төлеуші;
- 92-1-ші бапқа сәйкес МӘМС-ке медициналық сақтандыруға міндетті аударымдарды уақтылы төлемегені үшін - 24 салық төлеуші.