Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді

    Жаңаөзен қаласының әкімдігі

    Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңаӘдістемесі күшіне енді

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422 [1] қаулысының талаптарын орындау мақсатында БЖЗҚ бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің ресми интернет-ресурсында есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) жариялады.

    Жаңа Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері болашақтағы нысаналы зейнетақы төлемдерінің көрсеткіштеріне негізделіп айқындалады және салымшының әрбір жасына қарай ай сайынғы төлемдердің келтірілген құнын есептеудің стандартты формуласы арқылы есептеледі.

    Аталған формула болашақтағы төлемдердің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді демографиялық (ұлттық демографиялық кестелер) және қаржылық (кірістілік мөлшерлемелері мен төлемдерді индекстеу көрсеткіштері) факторларды ескереді.

    Төлемдердің келтірілген құнын есептеу формуласы қажетті жинақ көлемін анықтаудың халықаралық тәжірибесіне негізделген. Сондықтан есептеу нәтижелері макроэкономикалық көрсеткіштер болжамдарының өзгеруіне азырақ тәуелді болады. Сонымен қатар есептеулерде бұрынғыдай республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгіленетін ең төменгі зейнетақы мен ең төменгі жалақы мөлшерлері пайдаланылады.

    Бұл ретте формулада жинақтың бір бөлігін пайдаланған сәттен бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі кезеңде түсетін болашақ зейнетақы жарналары есепке алынбайды. Мұндай тәсіл жинақтарының бір бөлігін пайдаланған азаматтардың болашақта төмен мөлшердегі жинақтаушы зейнетақы алу қаупін азайтуға бағытталған.

    Сонымен бірге зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге пайдалану құқығы сақталады. Зейнетақысы бұрынғы табысының кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер тұрғын үй және емделу мақсаттарына жинақтарының 50%-ына дейін пайдалана алады. Сондай-ақ зейнетақы аннуитеті шартын жасаған азаматтар мен мемлекеттен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын тұлғалардың зейнетақы шотында қалған қаражатты толық көлемде пайдалану құқығы бар.

    Ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтарды пайдалану мүмкіндігі де сақталады. Алайда азаматтардың болашақта жеткілікті әрі тұрақты зейнетақы төлемдерін алуын қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріле отырып, алуға болатын қаражат көлемін айқындау тәсілдері жетілдірілуде.

    ТЖШ мөлшері салымшының жасына қарай 79% және одан жоғары өсті. Яғни зейнеткерлік жас жақындаған сайын болашақтағы зейнетақы төлемдеріне қойылатын талаптар күшейіп, зейнетақы шотында сақталуға тиіс қаражат көлемі де артады. Осыған байланысты зейнеткерлік жасқа жақындаған азаматтар үшін ТЖШ мөлшері екі еседен астам ұлғайды.

    Бұл олардың зейнетақы жинақтарының шоттарында сақталып, әрі қарай инвестициялануын қамтамасыз етеді және болашақтағы зейнетақы төлемдерінің едәуір артуына мүмкіндік береді. Бұрынғы Әдістеме бойынша жинақтың бір бөлігін алғаннан кейінгі төлемдер медиандық жалақының шамамен 15%-ын құраса, жаңа Әдістеме бойынша бұл көрсеткіш медиандық жалақының шамамен 40%-ына дейін жетеді.

    Осылайша, ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындаудың жаңа әдістемесі салымшылар үшін неғұрлым ашық әрі болжауға ыңғайлы және халықаралық стандарттарға сәйкес азаматтардың зейнеткерлік кезеңде тұрақты зейнетақы кірісімен қамтамасыз етілуіне бағытталған.

    Жүктеу
    Новая Методика расчетов порогов минимальной достаточности пенсионных накоплений вступила в силу
    Новая Методика расчетов порогов минимальной достаточности пенсионных накоплений вступила в силу
    DOCX · 47 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар

    Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар № р/с Елді мекеннің атауы Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін канди...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жаңаөзен қаласы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    Жаңаөзенқаласы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар № Ел­ді ме­кен­нің ата­уы Үгіт­тік бас­па ма­те­ри­ал­да­рын ор­на­ла­сты­ру үшін орын­дар 1 Жа­ңа­ө­зен қа­ла­сы «Өр­к...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жаңаөзен қаласы әкімінің ХАБАРЫ

    Жаңаөзен қаласы әкімінің ХАБАРЫ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкес, Жаңаөзен қаласының сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері және...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жаңаөзен қаласының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

    Жаңаөзен қаласының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес, Жаңаөзен қаласының учаскелік сайлау ком...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жаңаөзен қаласының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

    Жаңаөзен қаласының аумақтық сайлау комиссиясының Х А Б А Р Ы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Үкімет Қаулысы

    Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы

    Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы 2026 жылғы 01 шілде Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республ...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарландыру

    «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруы

    «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуғаЖаңаөзен қаласыәкімдігінің ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруы Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар E-3 санатының мемлекеттік...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарының көлемі одан әрі ұлғаюда: 12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының көлемі одан әрі ұлғаюда:12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 маусымына 27,67 трлн теңгеденасты. 12 айдағы өсім – 4,3...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды: