Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Еңбек және Жұрын ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындысы туралы
хабарлама
2026 жылғы 13 қыркүйекте Мұғалжар ауданының Еңбек және Жұрын ауылдық округтері әкімдерін сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Еңбек және Жұрын ауылдық округтері әкімдерін сайлауының нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын шығарды:
Еңбек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 1552 азамат енгізілді, олардың 962 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны – 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Аманжол Ә.Р.–108; Бисенбин Р.В.–134; Сәрсенбаев Қ.Ж.–720.
Сәрсенбаев Қайрат Жұмамұратұлы – 1984 жылы дүниеге келген, «Сағашилі жалпы білім беретін орта мектебі» КММ директоры, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі Сағашилі ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Жұрын ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 868 азамат енгізілді, олардың 677 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны – 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Айдарбеков Ә.Н.–56; Қоңратбаев А.Ж.–499; Төрежанов Б.Л.–122.
Қоңратбаев Асылбек Жаңғазыұлы – 1985 жылы дүниеге келген, «DAMU-MASTER» ЖШС директордың орынбасары, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі Жұрын ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы