Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Еңбек және Жұрын ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы қорытынды
ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі кандидаттарды тіркеді:
Еңбек ауылдық округінің әкіміне:
- Аманжол Әділет Рүстемұлы, 1996 жылы дүниеге келген, «Мұғалжар ауданы әкімінің аппараты» ММ, бас инспектор, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Бисенбин Руслан Викторович, 1983 жылы дүниеге келген, «Мұғалжар ауданы әкімінің аппараты» ММ, әкімнің көмекшісі, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Сәрсенбаев Қайрат Жұмамұратұлы, 1984 жылы дүниеге келген, «Сағашилі жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, директор, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Сағашилі ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Үргенішбаев Рамазан Кобейсінұлы, 1969жылы дүниеге келген, «Жұрын ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкім, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылының тұрғыны тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
Жұрын ауылдық округінің әкіміне:
- Айдарбеков Әбдіқапар Нұрлыбекұлы, 1998 жылы дүниеге келген, «Мұғалжар аудандық қаржы бөлімі» ММ, есеп-қисап және мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Конратбаев Асылбек Жангазиевич, 1985 жылы дүниеге келген, «DAMU-MASTER» ЖШС, директордың орынбасары, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Турежанов Багдат Лескенович, 1987 жылы дүниеге келген, «Мұғалжар ауданы әкімінің аппараты» ММ, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысы, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.