Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2023 жылғы 30 маусымдағы «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы» № 523 қаулысына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Эталондық бақылау банкінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде жариялау;
2) осы шешімді оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешім 2026 жылдың 1 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Екібастұз қалалық
мәслихатының төрағасы Н. Макраев