
ЕЭК Алқасының № 289 Шешіміне (ЕАЭО СЭҚ ТН) енгізілген өзгерістердің күшіне енуі туралы
Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 19 мамырдағы № 55 Шешімімен Еуразиялық экономикалық комиссияның 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 Шешіміне өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды («Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі туралы»).
Жоғарыда аталған Шешім 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.