Жылыой аудандық мәслихат депутаттары менаудан тұрғындарының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 2-тармағына және 19 бабының 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2026 жылғы 23 қыркүйек сағат 11.00-де аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтетін аудандық мәслихаттың кезекті 49 сессиясын шақыру туралы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.
Сессияның қарауына төмендегі мәселелер енгізілді:
- Ауданның тұрғын үй - коммуналдық және әлеуметтік салалар объектілерінің 2026-2027 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындығы туралы.
- Жем ауылдық округінің экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытудағы атқарған жұмыстары жөніндегі округ әкімінің есебі туралы.
- Аудандық ішкі саясат бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы.
- Жылыой ауданы бойынша 2025-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуы туралы.
- Басқа да мәселелер.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2026 жылғы 23 қыркүйек сағат 09.00-да өткізіледі.
Жылыой аудандық мәслихаты