«2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №40-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №40-1 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
- «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға арналған аудандық бюджет келесідей көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 336 469 358 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 328 002 469 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 90 338 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 160 396 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 8 216 155 мың теңге;
2) шығындар – 346 342 860 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру – 9 379 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелер – 17 300 мың теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу – 7 921 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 9 882 881 мың теңге;
6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)– 9 882 881 мың теңге:
қарыздар түсімі – 17 300 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 7 921 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 9 873 502 мың теңге.»
- Көрсетілген шешімнің 1 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редақцияда жазылсын.
- Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Мәслихат төрағасы Қ.Мыңбаев