Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдардың орындалуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларының 22-тармағына сәйкес, "Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізілді.
Мониторинг нәтижесінде Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалғаны анықталды.
Ұсынымдарды орындау шеңберінде мынадай шаралар қабылданды:
- Бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді таныстыру бойынша жұмыс жүргізілді;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасалып, оның нәтижелері бойынша 2026 жылға арналған талдамалық анықтама интернет-ресурсқа орналастырылды;
- тұрғын үйді жалдау шығындарын өтеуге қатысты заң бұзушылық жойылып, тиісті қосымша есептеу мен төлем жүргізілді.
Осылайша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдар орындалды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін анықталған себептер мен жағдайларды жою шаралары қабылданды.
Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты негізде жалғасып жатыр.