АНЫҚТАМАЛЫҚ ТАЛДАУ «Әуежайы Балқаш» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы

    Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    АНЫҚТАМАЛЫҚ ТАЛДАУ

    «Әуежайы Балқаш» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы

    Балқаш қ. 08.09.2026 жыл

    КІРІСПЕ БӨЛІМ

    « Балқаш Әуежайы » ЖШС директорының 2026 жылғы 05 қыркүйектегі №34 «2025 жылы «Балқаш Әуежайы» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығының негізінде жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

    «Балқаш Әуежайы» ЖШС-індегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес жүргізілді.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жұмыс тобы мынадай құрамда жүргізді:

    Жұмыс тобының жетекшісі:

    – директордың орынбасары – АСАБ бастығы – Жексембаев А.Р.

    Топ мүшелері:

    – қаржы жөніндегі директордың орынбасары – Садвакасова С.Б.

    – ҰӨҚжАҚЖҚҚ бастығы – Бигельдиев Е.Т.

    – АКҚ бастығы – Матвейчук С.С.

    – АТБҚ бастығы – Ахнаев К.Р.

    – ҰЭЖТҚеҚ бастығы – Нурбеков А.С.

    – заңгер-кадр бөлімінің инспекторы – Ахметжанов С.С.

    1. I. «Әуежайы Балқаш» ЖШС қызметіне қатысты құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Ішкі құжаттарда анықталған тәуекелдер саны – 0 (бірлік).

    «Әуежайы Балқаш» ЖШС жолаушылар мен жүктерді әуе тасымалдау саласында басшылықты жүзеге асыратын ұйым болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Серіктестіктің қызметі туралы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

    «Әуежайы Балқаш» ЖШС-нің негізгі міндеттері:

    – жолаушыларға, багажға және жүктерге қауіпсіз әрі тұрақты қызмет көрсетуді, сондай-ақ әуе кемелерін қабылдау мен жөнелтуді қамтамасыз ету.

    Серіктестіктің негізгі функциялары:

    1) өз құзыреті шегінде әуе көлігіндегі жолаушылар тасымалын дамытудың басым бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

    2) Серіктестіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын талдауға және болжамдарын, инвестициялық бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;

    3) Серіктестіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» бойынша кеңестерге материалдар дайындауға қатысу;

    4) жолаушылар мен багажды тұрақты ішкі әуе тасымалдау бағыттары мен ұшу кестелерін бекіту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

    6) жолаушылар мен багажды тұрақты ішкі әуе тасымалдау бойынша маршруттар мен әуе қозғалысының кестелерін келісу;

    7) төтенше жағдайлар туындаған кезде тасымалдауды уақытша тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

    8) Серіктестік қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын арттыру үшін жағдай жасау;

    9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

    Дискрециялық өкілеттіктердің мынадай ерекше белгілері бар:

    1) лауазымды тұлғаға және/немесе мемлекеттік органға заңдық фактіні өз қалауы бойынша бағалауға мүмкіндік береді;

    2) лауазымды тұлғаға және/немесе мемлекеттік органға өз қалауы бойынша ықпал ету шарасын таңдауға және актілер шығаруға мүмкіндік береді;

    3) лауазымды тұлғаға және/немесе мемлекеттік органға жеке және заңды тұлғалардың қызметін немесе іс-әрекеттерін жүзеге асыру тәртібін дербес айқындау құқығын береді;

    4) лауазымды тұлғаға және/немесе мемлекеттік органға нормативтік құқықтық актіні орындау тәсілін өз қалауы бойынша айқындауға мүмкіндік береді;

    5) шешім қабылдауға бірнеше лауазымды тұлғаның және/немесе мемлекеттік органның қатысу мүмкіндігін береді (параллель өкілеттіктер);

    6) лауазымды тұлғаға және/немесе мемлекеттік органға шешім қабылдаудың нақты шарттары белгіленбестен, екі немесе одан да көп шешім нұсқасының (оң немесе теріс) бірін таңдау құқығын береді.

    Серіктестіктің қызметіне қатысты ішкі құжаттарда аталған белгілер анықталған жоқ.

    Талданған құқықтық актілердің/ішкі құжаттардың тізбесі осы талдаудың 1-қосымшасында көрсетілген.

    1. II. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет

    II.1. Серіктестіктің персоналына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Персоналға байланысты анықталған тәуекелдер саны – 0 (бірлік).

    Серіктестікте штаттық құрылым әзірленіп, бекітілген. Белгіленген штат саны лимиттерінің сақталуына бақылау қамтамасыз етілген.

    2025 жылы Серіктестіктің штат саны – 72 бірлік.

    Серіктестік кадрларының кәсіби дамуын қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылы қызметкерлер Алматы қаласындағы «Азаматтық авиация академиясы» АҚ-ға және оқытуға және тиісті сертификаттар беруге құқығы бар мамандандырылған оқу орындарына оқуға жіберілді.

    Серіктестікте корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту, квазимемлекеттік секторда еңбек және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс жүргізілді.

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін Серіктестік қызметкерлері жауапкершілікке тартылған жоқ.

    2025 жылғы есепті кезеңнің соңында Серіктестікте 28 бос жұмыс орны болды, олар «Еңбек KZ» сайтында орналастырылды.

    Талдау барысында жұмыс тобы осы анықтаманың 2-қосымшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдарды анықтады.

    II.2. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Мүдделер қақтығысына байланысты анықталған тәуекелдер саны – 0 (бірлік).

    Мемлекеттік сатып алулар (тауарлар мен қызметтерді жеткізушілер) бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу барысында үлестестік фактілері анықталған жоқ.

    Серіктестік қызметкерлерінің жеке істерін зерделеу барысында ерлі-зайыптылардың бірге жұмыс істейтіні анықталды:

    – Жалбаев Е.Н. – САБ ауысым бастығы;

    – Молдажанова Г.Ш. – ПП АХС жинаушысы, тікелей бағыныштылығы жоқ.

    II.3. Бақылау-ревизиялық функцияларды іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Серіктестік бақылау-ревизиялық функцияларды жүзеге асырмайды, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    II.4. Бюджеттік және қаржылық қаражаттарды игеруге және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    II.5. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    2025 жылы мемлекеттік сатып алулар бойынша барлығы 17 шарт жасалды, оның ішінде:

    – ашық конкурс тәсілімен – 0;

    – бір көзден алу тәсілімен – 5, оның ішінде:

    1) ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 39-бабы 3-тармағының 48) тармақшасы бойынша – 0;

    2) табиғи монополиялар салаларына жататын қызметтерді, сондай-ақ электр энергиясын кепілдік беруші өнім берушіден энергиямен жабдықтау немесе электр энергиясын сатып алу-сату қызметтерін сатып алу бойынша – 0;

    3) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша – 0 (жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу);

    – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 12;

    – рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып конкурс тәсілімен – 0;

    – алдын ала біліктілік іріктеуі бар конкурс – 0;

    – шеңберлік келісімді пайдалана отырып конкурс өткізудің екінші кезеңі – 0.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    II.7. Ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және пайдалануға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Серіктестік ақпараттық жүйелерді әзірлеумен айналыспайды.

    Серіктестік қызметкерлері мынадай ақпараттық жүйелерде қызметін жүзеге асырады:

    e gov, eotinish, e лиценз, еңбек кз, DFO, monopolist

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    II.8. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Құқықтық актілерде анықталған тәуекелдер саны – 0 (бірлік).

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін нормалар анықталған жоқ.

    ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

    Серіктестіктің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша мыналар ұсынылды:

    1. Кадрлар бөлімінің заңгер-инспекторы Ахметжанов С.С.-ға 31.12.2026 жылға дейін Серіктестіктің бос лауазымдарын толықтыру бойынша жұмыс жүргізу.
    2. Серіктестік директорына «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының» жобасын осы талдаудың 3-қосымшасына сәйкес бекітуге ұсыну.

    Жұмыс тобының жетекшісі:

    – директордың орынбасары – АСАБ бастығы – Жексембаев А.Р.

    Топ мүшелері:

    – қаржы жөніндегі директордың орынбасары – Садвакасова С.Б.

    – ҰӨҚжАҚЖҚҚ бастығы – Бигельдиев Е.Т.

    – АКҚ бастығы – Матвейчук С.С.

    – АТБҚ бастығы – Ахнаев К.Р.

    – ҰЭЖТҚеҚ бастығы – Нурбеков А.С.

    – заңгер-кадр бөлімінің инспекторы – Ахметжанов С.С.

    Таныстым ____________________Мейрамбек Аринович Мурзахметов

    Жүктеу
    6e2bdaa87e478f5dac76cfc9b03882b7d80aa7b349e619936ef6a7d428923e6e_original.36970.docx
    DOCX · 36 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Тізбе

    "Балқаш Әуежайы" ЖШС Тізбе қорытындысы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау

    Тізбе қорытындысы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау № п/п Ұсыным Атауы іс-шаралар Аяқтау нысаны Жауапты орындаушылар Мерзімдері орындау 1 Тізімге сәйкес бос ла...

    Жоспар

    Іс-шаралар жоспары, қорытындысы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша "Балқаш әуежайы" ЖШС сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау

    Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі Басшы 1. Өз құзыреті шегінде серіктестікт...

    Тізбе

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі № р/с Тәуекелдер 1 Бос лауазым: жолаушылар көлігі және тасымалдау бөлімінің бас маманы.

    Тізбе

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің атауы:«Қарағанды облысының жо...

    Анықтама

    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы Қарағанды қаласы 2026 жылғы 25 тамыз

    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы Қарағанды қаласы 2026 жылғ...

    Жоспар

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары № р/с Ұсыным Іс-шараның атауы Аяқталу нысаны Жауапты орындаушылар Орындау мерзім...

    Хабарландыру

    Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

    Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары...

    Есеп

    Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ қызметі туралы 2025 жылғы есебі