Қызылорда облысы, Шиелі ауданыныңТалаптан ауылдық округі әкіміне кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау туралы
« Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-2-бабының негізінде әкім болуға кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынылған мәліметтері негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Әкім болуға кандидат ретінде Нурильдаев Жандос Нурбаевич «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-2 бабының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының көзделген талаптарына сәйкес келеді.
- Осы шешім Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы |
М.Дулатов |
Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы |
Е.Оспанов |
8 қыркүйек 2026 жыл
№107