Зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

    Шиелі ауданының әкімдігі

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері

    «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

    Әр қазақстандықтың зейнетақы жинақтары – тиімді басқаруға болатын қаржылық ресурс. «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшылары өз жинақтарының кірістілігіне дербес ықпал ете алады. Ол үшін зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) беру мүмкіндігі бар. ИПБ зейнетақы активтерін кіріс алу мақсатында инвестициялық декларацияда көзделген акцияларға, облигацияларға, валютаға және басқа да қаржы құралдарына инвестициялайды.

    БЖЗҚ Қазақстан халқының қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Жыл басынан бері Қор 600 мың адамды қамтыған 30 мыңға жуық ақпараттық кездесу өткізді, сондай-ақ 220 мыңнан астам өтінішті қарады.

    2026 жылғы қыркүйектің 17 күні сағат 11:00 және 14:00 «БЖЗҚ» АҚ барша ниет білдірушілерді «Салымшылардың өз зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушы компаниялар туралы ақпаратты өз бетінше алуға арналған invest.enpf.kz порталы» тақырыбында өтетін кезекті Ашық есік күніне қатысуға шақырады. Іс-шара офлайн форматта өтеді.

    Өткізілетін мекенжайы: Шиелі ауданы, Шиелі кенті, М.Шохай көшесі 1 Б.

    Кездесу барысында Сіз:

    • ҚР Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты салымшылар үшін қандай мүмкіндіктер пайда болғанын;
    • ИПБ қандай қызметтер ұсынатынын;
    • ИПБ-ны қалай таңдауға және зейнетақы жинақтарын оған қалай беруге болатынын;
    • зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына берген кездегі оларды қорғау тетіктерін;
    • бірыңғай ақпараттық интернет-платформа – enpf.kz сайтын пайдалану тәсілдері мен оның артықшылықтары туралы білесіз.

    Сонымен қатар БЖЗҚ мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелер бойынша жеке кеңестерін ұсынады.

    Барша ниет білдірушілерді Ашық есік күніне қатысып, зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктері туралы өзекті әрі сенімді ақпарат алуға шақырамыз.

    «БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларды және барша ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жүктеу
    Информация
    Информация
    DOC · 76 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    Әкім болуға кандидаттың сенім білдірілген адамын тіркеу туралы

    Әкім болуға кандидаттың сенім білдірілген адамын тіркеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 8-1) тармақшасының, 31-бабының негізінде Шиелі ауданының а...

    Шиелі ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Шешім

    Қызылорда облысы, Шиелі ауданының Талаптан ауылдық округі әкіміне кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау туралы

    Қызылорда облысы, Шиелі ауданыныңТалаптан ауылдық округі әкіміне кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау туралы «Қазақстан Республикасындағы...

    Шиелі ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебін...

    Шиелі ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Шешім

    2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған Шиелі ауданының Талаптан ауылдық округінің әкімін сайлауда әкім болуға кандидатты қолдап сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағын толтыру үшін сайлау округіндегі дауыс беруге құқығы бар сайлаушылардың жалпы санының бір пайызы мөлшеріндегі қол санын белгілеу туралы

    2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған Шиелі ауданының Талаптан ауылдық округінің әкімін сайлауда әкім болуға кандидатты қолдап сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағын толтыру үшін сайлау округіндегі дауыс б...

    Шиелі ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Шешім

    Әкім болуға кандидаттың сенім білдірілген адамын тіркеу туралы

    Әкім болуға кандидаттың сенім білдірілген адамын тіркеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 8-1) тармақшасының, 31-бабының негізінде Шиелі ауданының а...

    Шиелі ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Шешім

    Қызылорда облысы, Шиелі ауданының Талаптан ауылдық округі әкіміне кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау туралы

    Қызылорда облысы, Шиелі ауданыныңТалаптан ауылдық округі әкіміне кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау туралы «Қазақстан Республикасындағы...

    Шиелі ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Қаулы

    Талаптан ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

    Талаптан ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына сәйкес және 113–1-бабы 1–тармағының 1) та...

    Шиелі ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді

    Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді Қазақстанда азаматтардың лайықты зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты саналы көзқарасы жыл санап дамып келеді. Бұл үрдіс басқа елде...

    Шиелі ауданының әкімдігіЖарияланды: