Зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

    Көксу ауданының әкімдігі

    Әр қазақстандықтың зейнетақы жинақтары – тиімді басқаруға болатын қаржылық ресурс. «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшылары өз жинақтарының кірістілігіне дербес ықпал ете алады. Ол үшін зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) беру мүмкіндігі бар. ИПБ зейнетақы активтерін кіріс алу мақсатында инвестициялық декларацияда көзделген акцияларға, облигацияларға, валютаға және басқа да қаржы құралдарына инвестициялайды.

    БЖЗҚ Қазақстан халқының қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Жыл басынан бері Қор 600 мың адамды қамтыған 30 мыңға жуық ақпараттық кездесу өткізді, сондай-ақ 220 мыңнан астам өтінішті қарады.

    2026 жылғы 21 қыркүйекте «БЖЗҚ» АҚ барша ниет білдірушілерді «Салымшылардың өз зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушы компаниялар туралы ақпаратты өз бетінше алуға арналған invest.enpf.kz порталы» тақырыбында өтетін кезекті Ашық есік күніне қатысуға шақырады. Іс-шара офлайн форматта өтеді.

    Өткізілетін мекенжайы: Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпык би аулы, Көксу ауданды (Көксу ауданы әкімдігінің ғимараты).

    Кездесу барысында Сіз:

    • ҚР Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты салымшылар үшін қандай мүмкіндіктер пайда болғанын;
    • ИПБ қандай қызметтер ұсынатынын;
    • ИПБ-ны қалай таңдауға және зейнетақы жинақтарын оған қалай беруге болатынын;
    • зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына берген кездегі оларды қорғау тетіктерін;
    • бірыңғай ақпараттық интернет-платформа – invest.enpf.kz сайтын пайдалану тәсілдері мен оның артықшылықтары туралы білесіз.

    Сонымен қатар БЖЗҚ мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелер бойынша жеке кеңестерін ұсынады.

    Барша ниет білдірушілерді Ашық есік күніне қатысып, зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктері туралы өзекті әрі сенімді ақпарат алуға шақырамыз.

    «БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларды және барша ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Баспасөз аңдатпасы

    2026 жылғы қыркүйектің 21 күні сағат 11:30 «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ) офлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Өткізілетін мекенжайы: Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпык би аулы, (Көксу ауданы әкімдігінің ғимараты). Іс-шараның...

    Көксу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

    2026 жылғы 21 қыркүйекте «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) «Салымшылардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты өз бетінше алуға арналған invest.enpf.kz порталы» тақырыбын...

    Көксу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

    «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар, жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, сондай...

    Көксу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, салымшылардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтетін өзгерістер күшіне енді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді са...

    Көксу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Коллизияны анықтаудан — заңнаманы жетілдіруге Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және заңнаманы жетілдіру

    Заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Бұл жұмыста құқықтық қайшылықтарды уақтылы анықтау және оларды кейіннен жою ерекше маңызға...

    Көксу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    МКД ЖЫЛДАМ ЖӘНЕ ЖАҢАЛЫҚҚА АЙНАЛДЫРУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖОБАСЫ көппәтерлі тұрғын үй қорын түгендеу және үйлердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру туралы

    Қазақстанда тұрғын үй қорын ауқымды түгендеу басталады.Елдің барлық көппәтерлі үйлері бір тізілімге енгізіледі — мекенжайы, қабаттар саны, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың саны, үйдің жағдайы, лифтілер және есепке а...

    Көксу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру

    Жетісуоблысы кәсіпкерлерінің назарына! Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру Ұйы...

    Көксу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен инвестициялық портфельдерд...

    Көксу ауданының әкімдігіЖарияланды: