Конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Теміртау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарлайды.
есепке алу, талдау және өңдіріп алу бөлімінің бас маманы (ЕТӨБ-6-6/ ОУАиВ-6-6, C-R-4 санаты, 1 бірлік) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Теміртау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бағалаушыларды келесі бағыт бойынша іріктеуді жүргізеді:
Мемлекеттік кірістер және салықтық бақылау
Бағалаушы ретінде конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында авторлануы тиіс.
Бағалаушы - бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар немесе басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.
Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 14 қыркүйектен 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін.