Тұтыну нарығында өткізілетін өнімдердің қауіпсіздігі халықтың денсаулығын сақтау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін маңызды мәнге ие.
Алтынсарин ауданында сауда объектілерінде өткізілетін өнімдердің қауіпсіздігін бақылау және мониторингі бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі. Ай сайын тауарларға бақылау мақсатында сатып алу жүргізіліп, кейіннен зертханалық зерттеулер жүргізу үшін өнім үлгілері алынады.
Алынған өнім үлгілері техникалық регламенттердің, санитариялық қағидалардың және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы басқа да нормативтік талаптардың талаптарына сәйкестігін анықтау үшін аккредиттелген зертханаларға жіберіледі.
Белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті ден қою шаралары қабылданады.
Сонымен қатар, жүргізілген бақылау нәтижелері туралы халықты ақпараттандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Сәйкес келмейтін өнімдер туралы ақпарат және тұтынушыларға арналған ұсынымдар ресми ақпараттық ресурстарда және әлеуметтік желілерде орналастырылады.
Тұрақты бақылау жүргізу және халықты уақтылы ақпараттандыру тұтынушылардың сауаттылығын арттыруға, өнімдерді таңдауға жауапкершілікпен қарауға және азаматтардың денсаулығына төнуі мүмкін қауіптердің алдын алуға ықпал етеді.
«Алтынсарин аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы» РММ басшысы»
А.Ж. Әлмағанбет