Қостанай облысы Алтынсарин ауданы
Красный Кордон ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы Алтынсарин ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес, Алтынсарин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Алтынсарин ауданы Красный Кордон ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеді:
- Зюбин Вениамин Иванович, 1987 жылы туған, «Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Краснокордон орта мектебі» КММ физика және информатика пәнінің мұғалімі, Алтынсарин ауданы Красный Кордон ауылында тұрады, «Әділет» партиясы» ҚБ ұсынылды.
- Утемисов Ермек Алтаевич, 1990 жылы туған, «Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің терроризмнің алдын алу, жұмылдыру дайындығы және ТЖ алдын алу бөлімінің басшысы, Алтынсарин ауданы Силантьев ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
- Яценко Дмитрий Владимирович, 1985 жылы туған, «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің терроризмнің алдын алу, жұмылдыру дайындығы және ТЖ алдын алу бөлімінің басшысы, Сарыкөл ауданы Сарыкөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Алтынсарин ауданының
аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Тарасова