Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №352 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«1) кірістер – 8 720 577,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 268 018,5 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 90 587 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 602 мың теңге;
арнаулы түсімдер – 0;
трансферттер түсімдері – 6 353 369,7 мың теңге;
2) шығындар – 12 785 721,7 мың теңге»;
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2026 жылға арналған резерві 86 687,8 мың теңге сомасында бекітілсін. Оның ішінде: ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының төтенше резервіне 1 398,8 мың теңге, шұғыл шығындарға арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резервіне 1 000 мың теңге, соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резервіне 84 289 мың теңге».
Көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.