Мемлекеттік қызметтер: басымдылықтары мен ерекшеліктері.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы - азаматтар мен мемлекет арасындағы жоғарғы деңгейдегі өзара қатынасты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қызметтер қоғамдағы қызметтің кең спектрін қамтиды және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, бюрократиялық рәсімдерді жеңілдетуге және мемлекеттік функциялардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қоса, соңғы жылдары елімізде электрондық мемлекеттік қызметтер белсенді дамуда. Бұл азаматтарға қажетті қызметтерді тез әрі ыңғайлы алуға мүмкіндік береді. Жүйенің орталық элементі - «Электрондық үкімет» порталы болып табылады. Ол онлайн қызметтердің кең спектрін ұсынады. Аталған портал азаматтарға келесідей мүмкіндіктер береді:
- Қызметтерді алуға онлайн өтініш беру.
- Мемлекеттік баждар мен салықтарды төлеу.
- Өтініштердің жай-күйін онлайн қадағалауға.
- Түрлі мәселелер бойынша кеңестер мен ақпарат алу.
Сонымен қатар, портал күту уақытын едәуір қысқартып, мемлекеттік мекемелерге тікелей бару қажеттілігін жояды.
Елімізде мемелекеттік қызметтерді дамытуда жүргізіліп отырған тиімді саясаттың негізінде қазіргі уақытта келесідей артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік беріліп отыр.
Бірінші артықшылығы - ашықтық және қолжетімділік. Электрондық мемлекеттік қызметтер қызметтерді алу процесін тіркелген жеріне қарамастан барлық азаматтар үшін ашық және қолжетімді етеді.
Екіншіден, жылдамдық пен тиімділік: көптеген процестерді автоматтандырудың арқасында мемлекеттік қызметтер тезірек ұсынылады, бұл мемлекеттік жүйенің жалпы тиімділігін арттырады.
Үшіншіден, ыңғайлылық: көптеген қызметтерді онлайн режимінде алу мүмкіндігі мемлекеттік мекемелерге жеке бару қажеттілігін азайтады, бұл әсіресе шалғай аймақтарда тұратын азаматтар үшін маңызды.
Төртіншіден, қауіпсіздік: электрондық жүйелер азаматтардың дербес деректері мен ақпаратын қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Қорыта келе, Қазақстандағы мемлекеттік қызметтер халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда және азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетуде шешуші рөл атқарады. Электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту - мемлекеттік функциялардың ашықтығын, тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл мемлекеттік жүйені жаңғырту және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы - Кеңесұлы Ілияс
Мемлекеттік қызметтер: басымдылықтары мен ерекшеліктері
Ұқсас материалдар
Қағида
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы
Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы. ЗҚАИ-ның ескертпесі! Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 31-баптан қараңыз....
Есеп
2023 жылға "Дипломмен ауылға"бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер түрінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша ақпарат
"Дипломмен ауылға"бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер түрінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша ақпарат "Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік...
Есеп
2022 жылдың қорытындысы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы ақпарат
2022 жылдың қорытындысы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы АҚПАРАТ «Нұра ауданының экономика...