2022 жылдың қорытындысы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы ақпарат

    ·

    2022 жылдың қорытындысы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

    АҚПАРАТ

    «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы мамандарға, сондай-ақ кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген кезде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына» сәйкес, 2023 жылға көтерме жәрдемақы мөлшері 100 АЕК немесе 345,0 мың теңгені, ал бюджеттік кредит мөлшері 1500 АЕК немесе 5 175,0 мың теңгені құрайды.

    2022 жылы ауылдық жерге келген 55 маманға жалпы сомасы 16 846,5 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді, оның ішінде:

    * білім беру саласында – 27 маманға 8 270,1 мың теңге;

    * денсаулық сақтау саласында – 15 маманға 4 594,5 мың теңге;

    * мәдениет саласында – 3 маманға 930,6 мың теңге;

    * спорт саласында – 4 маманға 1 225,2 мың теңге;

    * агроөнеркәсіптік кешен саласында – 3 маманға 930,6 мың теңге;

    * мемлекеттік қызметшілерге – 3 адамға 930,6 мың теңге.

    Тұрғын үй сатып алуға 30 маманға жалпы сомасы 136 735,2 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит берілді, оның ішінде:

    * білім беру саласында – 20 маманға 91 139,2 мың теңге;

    * денсаулық сақтау саласында – 4 маманға 18 378,0 мың теңге;

    * мәдениет саласында – 2 маманға 9 125,5 мың теңге;

    * агроөнеркәсіптік кешен саласында – 1 маманға 4 594,5 мың теңге;

    * мемлекеттік қызметшілерге – 3 адамға 13 498,0 мың теңге.

    2023 жылға жалпы сомасы 19 320,0 мың теңгеге 56 маманға көтерме жәрдемақы төлеу және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін жалпы сомасы 207 000,0 мың теңгеге 40 маманға бюджеттік кредит беру жоспарлануда.

    Жүктеу
    31cb2e547f74beebbdf7ae8a388557fc_original.21535.docx
    DOCX · 21 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    2026 жылғы қаңтар-маусым айлары бойынша Қарағанды облысы Нұра ауданының әлеуметтік -экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Перечень востребованных специальностей по Нуринскому району за II квартал 2026 года

    Жарияланды:
    Қағида

    Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы

    Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы. ЗҚАИ-ның ескертпесі! Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 31-баптан қараңыз....

    Жарияланды:
    Нәтижелер

    2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің қорытындысы

    Жарияланды:
    Нәтижелер

    2022 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің қорытындысы

    Жарияланды:
    Нәтижелер

    2024 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің қорытындысы

    Жарияланды:
    Есеп

    2023 жылға "Дипломмен ауылға"бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер түрінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша ақпарат

    "Дипломмен ауылға"бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер түрінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша ақпарат "Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік...

    Жарияланды:
    Есеп

    2022 жылдың он айының қорытындысы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы АҚПАРАТ

    2022 жылдың он айының қорытындысы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы АҚПАРАТ «Нұра ауданының...

    Жарияланды: