- Сабырлық сақтау және ақпаратты тексеру. Үрейге бой алдырмаңыз. Дүрбелең — ең үлкен қауіп. Тек ресми дереккөздерге сеніңіз. Президенттің, Қорғаныс министрлігінің, төтенше жағдайлар кызметнің мәлімдемелерін қадағалаңыз. Тек мемлекеттік органдардың, Қорғаныс министрлігінің және ресми БАҚ-тың мәліметіне сеніңіз. Фейк ақпарат таратпаңыз. Әлеуметтик желідегі қауесеттерге сенбеңіз.
- Кұжаттар мен «Қауіпсіздік қоржынын» (Тревожный чемодан) даиындау. Кұжаттарды жинаңыз. Жеке куәлік,төлқұжат, әскери билет, туу туралы куәліктер, мүлік кұжаттарын су еткізбейтін пакетке салыңыз. Қолма-қол ақша дайындаңыз. Банкоматтар мен электронды төлемдер істемей қалуы мүмкін. Қоржынды жинақтаңыз. Оған мыналар кіруі тиіс: 3 күндік су мен бұзылмайтын тағам (консервілер, кұрғақпайлар).
Алғашқы көмек қобдишасы (дәрі-дәрмек,танғыштар),
Радиоқабылдағыш (батареямен жұмыс істейтін), қолшам, сірінке.
Ауыстыратын жылы киім.
Халық арасында жұмылдыру (мобилизация) жарияланған кездегііс-қимылдар тәртібі халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік тапсырмаларды жедел орындауға бағытталған.
Негізгі іс-қимылдар алгоритмі
Хабарландыруды тыңдау: Сирена дыбысы немесе СМС келгенде теледидар мен радионы қосып, ресми нұсқауларды нақты орындау қажет.
Кұжаттарды дайындау: Жеке куәлік, әскери билет, диплом және медициналык кұжаттарды су өтпейтін пакетке салып қою керек.
Шұғыл сөмке жинау: Өзімен бірге 3 күндік азық-түлік, су, алғашқы көмек қобдишасы, жылы киім жене қолшам болуы тиіс.
Үйден шығардағы қауіпсіздік
- Коммуналдық жүйелерді өшіріңіз. Газды, суды және электр желісін толықтай ажыратыңыз.
- Терезелерді бекітіңіз. Терезелерді тығыз жауып, мүмкіндік болса перделерді тартып қойыңыз.
- Есікті құлыптаңыз. Үйдің кілттерін сенімді туыстарыңызға немесе көршілерге қалдырыңыз.
Шақыру пунктіне келу: Әскери комиссариаттан шақырту (повестка) алған соң онда керсетілген уақыт пен мекенжай бойынша кешікпей жету міндетті.
- Уақытты созбаңыз. Шақыру қағазында (повестка) көрсетілген мерзімде белгіленген жиын пунктіне жетіңіз.
- Құжаттарды түгендеңіз. Жеке куәлік, әскери билет, жүргізуші куәлігі және білімі туралы құжаттарды өзіңізбен бірге алыңыз.
- Байланысты үзбеңіз. Жақындарыңызға қайда және қашан баратыныңызды ескертіп кетіңіз.
Мүлікті тапсыру: Тетенше жағдай заңнамасына сай, мемлекет кажеттілігі үшін көлік немесе өзге де техника уақытша алынуы мүмкін.
Жұмыс орнындағы тәртіп: Стратегиялық нысан қызметкерлері арнайы куәлік(бронь) болса, өз жұмыс орындарында қалып, қызметін жалғастырады.
Әскери міндетті емес тұрғындардың іс-қимылы
- Жұмысты жалғастырыңыз. Тылдағы қауіпсіздік пен экономиканы қолдау үшін өз жұмыс орындарыңызда міндеттерді атқара беріңіз.
- Көмек көрсетіңіз. Мүмкіндігінше еріктілер (волонтерлер) қозғалысына қосылып, гуманитарлық көмек ұйымдастыруға жәрдемдесіңіз.
- Тәртіпті сақтаңыз. Қоғамдық орындарда коменданттық сағат (енгізілсе) ережелерін және құқық қорғау органдарының талаптарын қатаң сақтаңыз.
Тыйым салынатын әрекеттер
Тұрғылықты мекенжайды ауыстыру: Жұмылдыру жарияланған сәттен бастап әскери есепте тұрған азаматтарға коменданттың рұқсатынсыз қаладан шығуға тыйым салынады.
Жалған ақпарат тарату: Әлеуметтік желілерде үрей туғызатын қауесеттер мен тексерлмеген меліметтерді бөлісуге болмайды.