«ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ

    Қорғалжын ауданының әкімдігі

    БЕКІТІЛДІ

    Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының басшысы

    ________М.Ахметжанов

    «__»__2026жылғы___№

    _______бұйрығымен

    «ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Қорғалжын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 285 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді.
    2. Стандарт Мекеме қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыруға және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
    3. Стандарт Мекеме қызметкерлеріне олардың лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде, басқарушылық шешімдерді дайындау және қабылдау барысында, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде, сондай-ақ Мекеме қызметінің өзге де бағыттарында қолданылады.
    4. Стандартты әзірлеу және жаңарту кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, құқық қолдану практикасы және жұртшылықтың ұсыныстары ескеріледі.
    5. Стандарттың негізгі мақсаты – Мекеме қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
    6. Стандарттың негізгі міндеттері:
    7. сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды төмендету.
    8. қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру.
    9. мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу.
    10. заңнамада белгіленген қаржылық бақылау шараларын сақтау.
    11. мемлекеттік сатып алу кезінде ашықтық пен бәсекелестікті қамтамасыз ету.
    12. кадрлық процестерде меритократия және объективтілік қағидаттарын сақтау.
    13. Мекеме қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету.
    14. сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау мәдениетін қалыптастыру.

    2-тарау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу.

    1. Мекеме қызметкерлері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларға жол бермеуге тиіс.
    2. Қызметкерлер:
    3. өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тек заңнамада белгіленген шектерде жүзеге асырады.
    4. қабылданатын шешімдердің заңдылығын, негізділігін, объективтілігін және ашықтығын қамтамасыз етеді.
    5. жеке немесе заңды тұлғаларға негізсіз артықшылық бермейді.
    6. қызметтік жағдайын жеке, мүліктік немесе өзге де пайда алу мақсатында пайдаланбайды.
    7. қызметтік ақпаратты жеке мүддесі немесе үшінші тұлғалардың мүддесі үшін пайдаланбайды.
    8. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға басқа адамдарды көндірмейді және оған ықпал етпейді.
    9. сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған жағдайда оларды жою бойынша шаралар қабылдайды.
    10. Мекемеде жүргізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау және оларды төмендету жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасына және уәкілетті органның әдістемелік ұсынымдарына сәйкес жүзеге асырылады.

    3-тарау. Мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу.

    1. Мекеме қызметкерлері жеке мүдделерінің қызметтік міндеттерін объективті және бейтарап орындауына ықпал етуіне жол бермеуге тиіс.
    2. Қызметкерде мүдделер қақтығысы туындаған немесе оның туындау мүмкіндігі пайда болған жағдайда ол бұл туралы тікелей басшысына дереу жазбаша түрде хабарлайды.
    3. Қызметкер:
    4. жеке мүдделілігі бар мәселелерді қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға қатыспайды.
    5. мүдделер қақтығысын жасыруға жол бермейді.
    6. мүдделер қақтығысының себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдайды.
    7. мүдделер қақтығысын реттеу бойынша басшының заңды шешімдерін орындайды.
    8. Мекеме басшысының өзінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда бұл туралы жоғары тұрған басшылыққа хабарланады.

    4-тарау. Қаржылық бақылау және сыйлықтар мен өзге де игіліктерді қабылдауға жол бермеу.

    1. Мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қаржылық бақылау шараларын сақтайды.
    2. Қызметкерлер лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты заңсыз сыйақыларды, сыйлықтарды, қызметтерді немесе өзге де игіліктерді қабылдамайды.
    3. Қызметкерге заңсыз сыйақы, сыйлық немесе өзге де пайда ұсынылған жағдайда ол бұл туралы тікелей басшысына және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті мемлекеттік органдарға дереу хабарлайды.
    4. Қызметкерлер қызметтік жағдайын пайдалана отырып өзіне немесе басқа адамдарға мүліктік немесе мүліктік емес пайда алуға бағытталған әрекеттерге жол бермейді.

    5-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және мінез-құлық қағидалары

    1. Мекеме қызметкерлері өз қызметінде:
    2. Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
    3. заңдылық, адалдық, әділдік, объективтілік және бейтараптық қағидаттарын сақтайды.
    4. азаматтармен және заңды тұлғалардың өкілдерімен қарым-қатынаста әдептілік пен сыпайылық танытады.
    5. азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтейді.
    6. дөрекілікке, кемсітуге, негізсіз бюрократияға және сөзбұйдаға салуға жол бермейді.
    7. азаматтардың өтініштерін белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды.
    8. көрінеу жалған ақпаратты таратпайды.
    9. қызметтік жағдайын жеке мақсатта пайдаланбайды.
    10. басқа қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға итермелемейді.
    11. сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады.

    6-тарау. Есептілік, ашықтық және жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл.

    1. Мекеме қызметінің ашықтығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етіледі.
    2. Жеке және заңды тұлғаларға Мекеме құзыреті шегінде шынайы, толық және заңнамада рұқсат етілген ақпарат беріледі.
    3. Мекеме қызметкерлері:
    4. азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдаудан негізсіз бас тартпайды.
    5. өтініштерді қарау мерзімдерін негізсіз бұзбайды.
    6. азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етеді.
    7. ақпарат беруден заңсыз бас тартуға жол бермейді.
    8. Мекеме қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға қатысады.
    9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Мекеменің интернет-ресурсында орналастырылады және Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерге сәйкес жаңартылып отырады.

    7-тарау. Қызметкерлерді басқару кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

    1. Кадрлық шешімдерді қабылдау кезінде кәсібилік, құзыреттілік, заңдылық және меритократия қағидаттары сақталады.
    2. Кадрларды іріктеу және орналастыру кезінде:
    3. туыстық.
    4. жерлестік.
    5. жеке берілгендік.
    6. өзге де қызметтік емес белгілер бойынша негізсіз артықшылық беруге жол берілмейді.
    7. Қызметкерлердің қызметтік нәтижелерін бағалау, көтермелеу және тәртіптік жауаптылық мәселелері объективтілік пен әділдік қағидаттары негізінде шешіледі.
    8. Мекеме басшылары бағынысты қызметкерлерге қызметтік міндеттеріне жатпайтын жеке тапсырмалар бермеуге тиіс.
    9. Қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзуға, қызметтік тәуелділікті жеке мақсатта пайдалануға және қызметкерлерге заңсыз ықпал етуге жол берілмейді.

    8-тарау. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

    1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын басшылыққа алады.
    2. Мемлекеттік сатып алу кезінде:
    3. бюджет қаражатының тиімді және ұтымды пайдаланылуы.
    4. ашықтық пен айқындылық.
    5. адал бәсекелестік.
    6. әлеуетті өнім берушілер үшін тең жағдайлар.
    7. қабылданатын шешімдердің объективтілігі қамтамасыз етіледі.
    8. Мекеме қызметкерлеріне:
    9. жекелеген өнім берушілерге негізсіз артықшылық беруге.
    10. бәсекелестікті шектейтін негізсіз талаптар белгілеуге.
    11. мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне жеке немесе үшінші тұлғалардың мүддесі үшін заңсыз араласуға.
    12. қызметтік ақпаратты жекелеген өнім берушілердің пайдасына пайдалануға.
    13. мүдделер қақтығысы болған жағдайда мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысуға жол берілмейді.
    14. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда қызметкер бұл туралы дереу басшысына хабарлап, оны реттеу бойынша заңнамада көзделген шараларды қабылдайды.

    9-тарау. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау және қорытынды ережелер

    1. Мекеме қызметкері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жасалғаны немесе жасалуы мүмкін екендігі, заңсыз сыйақы ұсыну немесе алуға көндіру фактілері өзіне белгілі болған жағдайда бұл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мекеме басшылығына және (немесе) тиісті мемлекеттік органдарға дереу хабарлайды.
    2. Сыбайлас жемқорлықтың ықтимал көріністері туралы адал ниетпен хабарлаған қызметкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіледі.
    3. Мекеме қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға жәрдемдесуге тиіс.
    4. Стандарт талаптарын бұзған Мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапты болады.
    5. Мекеме басшысы қызметкерлерді Стандартпен таныстыруды және оның талаптарын іске асыру бойынша қажетті ұйымдастырушылық шараларды қамтамасыз етеді.
    6. Стандарттың сақталуын бақылау Мекеме басшысына және оның құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жауапты тұлғаға жүктеледі.
    7. Стандарт Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер ескеріле отырып жаңартылып отыруға тиіс.
    8. Стандарттың талаптары Мекеме қызметкерлері лауазымдық міндеттерін орындау және Мекеме қызметін жүзеге асыру кезінде басшылыққа алынады.
    Жүктеу
    7047ee24d7166bfdf0e51393df49f5eb41639c03603e0576563f95f7ec286a47_original.4902902.pdf
    PDF · 4,7 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хабарлама

    Қорғалжын ауданы Сабынды ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама

    Ақмола облысыҚорғалжынауданыСабындыауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама 2026 жылғы 8 қыркүйегінде сағат 18.00-де Қорғалжын ауданы Сабынды ауылдық округінің әкімі болуға кандид...

    Қорғалжын ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Кандидаттарға арналған үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын ұсыну шарттары мен төлем мөлшері туралы мәліметтер

    2026 жылғы 4 қазанға Қорғалжын ауданы Сабынды ауылдық округінің әкімін сайлау тағайындалуына байланысты, Қорғалжын аудандық «Нұр Қорғалжын» газетінің редакциясы» әкімдікке кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін...

    Қорғалжын ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Кесте

    Сабынды ауылдық округіне әкім болуға кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесі

    Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сабынды ауылдық округіне әкім болуға кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесі № Елді мекеннің атауы Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін келісім-шарт бойынша бер...

    Қорғалжын ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ЖҰМЫЛДЫРУ ЖАРИЯЛАНҒАНДАҒЫ ІС-ҚИМЫЛ ТӘРТІБІ: ТҰРҒЫНДАРЕҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

    Сабырлық сақтау және ақпаратты тексеру. Үрейге бой алдырмаңыз. Дүрбелең — ең үлкен қауіп. Тек ресми дереккөздерге сеніңіз. Президенттің, Қорғаныс министрлігінің, төтенше жағдайлар кызметнің мәлімдемелерін қадағалаңыз. Те...

    Қорғалжын ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы қыркүйек айында жер комиссиясының отырыстары өткізілген жоқ.

    Қорғалжын ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы тамыз айында жер комиссиясының отырыстары өткізілген жоқ.

    Қорғалжын ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Тізбе

    Қорғалжын ауданы бойынша сайлаушылармен кездесу өткізуге арналған орындар ТІЗБЕСІ

    № Аудан Нысан атауы және орналасқан жері Сыйымдылығы Иесі/жалға беруші Жалға беру сомасы Ескертпе 1. Қорғалжын ауданы Жалпы білім беретін мектеп, Сабынды ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 24 100 "Ақмола облысы білім басқарма...

    Қорғалжын ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қорғалжын ауданының аумақтық және учаскелік сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 2 және 8-1 тармақшаларына, 113-1 бабының1 тармағының 2 тармақшасына, 3 және 4 тармақтарына сәйкес және Қорғалжын ауд...

    Қорғалжын ауданының әкімдігіЖарияланды: