"Дипломмен ауылға"бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер түрінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша ақпарат (2025 жыл)
"Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келгенденсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы"бұйрығына сәйкес, 2025 жылға арналған көтерме жәрдемақылардың мөлшері 100 АЕК, яғни 393,2 мың теңге және бюджеттік кредиттердің мөлшері аудан орталығы үшін 2500 АЕК, яғни 9830,0 мың теңге мөлшерінде, ауылдық елді мекендерінде 2000 АЕК, яғни 7864,0 мың теңге мөлшерінде айқындалған. Жоспарланған қаржы жылына әр сала бойынша ұсынылған бос жұмыс орындарына сәйкес талап етілетін мамандықтардың тізбесі бекітіліп, ол аудан әкімінің сайтында орналастырылған, тізбеге әр тоқсан сайын сала бойынша сұраныс негізінде өзгерістер енгізіл отырылады.
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша қызмет көрсету операторы болып Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес, Отбасы Банкі тағайындалған. Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға өтініштер Отбасы банк сайты арқылы беріледі.
2025 жылға жалпы сомасы 60 маманға 23592,0 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілді. .Оның ішінде: білім беру саласында -38 маманға, денсаулық сақтау - 9, Мәдениет-2, спорт -2, мемлекеттік қызмет-5, АӨК-4.
2025 жылға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 147450,0 мың теңге бөлініп, 16 маманға бюджеттік кредиттер рәсімделді. Оның ішінде: білім беру саласында - 6 маман, денсаулық сақтау саласында - 5 маман, мәдениет саласында 1 маман, спорт саласында-1 маман , мемлекеттік қызмет саласында - 2 маман және агроөнеркәсіп саласында 1 маман. Соның ішінде аудан орталығынан үй сатып алу үшін берілген бюджеттік кредит саны 11, ауылдық елді мекендерде – 5.
Бүгінгі күнге әлеуметтік қолдау шараларын алуға түскен өтініштері негізінде мамандар кезекке қойылады, айта кетсек көтерме жәрдемақы алуға кезекте тұрған мамандар саны 16 адам болса, тұрғын үй сатып бюджеттік кредит ресімдеу үшін өтініш берген мамандар саны – 16.