«Абай облысы бойынша 2026 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагентердің (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагентердің (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы»Абай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 25 маусымдағы № 103 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Абай облысы бойынша 2026 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагентердің (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагентердің (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Абай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 25 маусымдағы № 103 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес 950-1068 жолдарымен толықтырылсын.
- «Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелері қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына жіберілсін;
2) осы қаулы оның ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысының әкімі Б. Уәли