«Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы»
1 |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» | |
2 |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
| |
3 |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 маусымдағы № 282 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 маусымда № 38895 болып тіркелген). | |
4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
«Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» | |
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандырудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету. Аумақтардың санитариялық күтімі мен тазалығының деңгейін арттыру. Халықтың тұруына қолайлы, қауіпсіз және жайлы орта қалыптастыру. Абаттандыру объектілері мен қоғамдық кеңістіктерді күтіп-ұстау тиімділігін арттыру. Жасыл желектерді, көгалдандыру объектілерін және қалалық инфрақұрылымды сақтау және дамыту. Елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсарту. Жеке және заңды тұлғалардың абаттандыру талаптарын сақтау жөніндегі жауапкершілігін арттыру. | |
6 |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар |
Абаттандыру қағидаларын қабылдау елді мекендердің санитариялық жағдайы мен сыртқы келбетін жақсартуға, қалалық ортаның сапасын арттыруға, халықтың тұруына қолайлы әрі қауіпсіз жағдайлар жасауға, сондай-ақ аумақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал ететін болады. |