«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:
«Гликлада® СР, модификацияланған босап шығарылуы бар 60 мг таблеткалар», ҚР-ДЗ-5№020187, тіркеу куәлігін ұстаушы КРКА д.д. Ново место, Словения», дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылсын.