«БЕКІТЕМІН»
Алматы облысының әкімі
______________М.Е. Сұлтанғазиев
«____» _______________ 2026 ж.
Алматы облысының әкімі М.Е. Сұлтанғазиевтің
2026 жылғы 27 тамыздағы Райымбек ауданының тұрғындарымен кездесуі
барысында көтерілген проблемалық сұрақтарды шешу жөніндегі
ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ
№ р/с |
Өтініш берушінің аты-жөні, елді мекен |
Сұрақ |
Проблемалық мәселелерді шешу шаралары |
Мерзімі |
Жауаптылар |
1. |
ТАРАНШИЕВ Олжас Орынбасарұлы Жамбыл ауылының тұрғыны |
Туристердің №1 «Байынқол» шекара бекеті арқылы өтуі үшін рұқсат алу мерзімін 1-3 күнге дейін қысқарту мүмкіндігін қарастыру туралы мәселесі. |
Туристердің өтініштерін қарау және рұқсат беру рәсімдерін жеделдету мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, рұқсат алу мерзімін қысқарту мәселесін қарастырсын. |
01.10.2026 ж. |
Туризм басқармасы Райымбек ауданының әкімдігі ҚР ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінің шекара қызметі (келісім бойынша) Қ. Есболатов (бақылау) |
2. |
БЕСІРОВ Бауыржан Сайлауханұлы Қаратоған ауылының тұрғыны |
Ақкөл өзенін Шоғансай–Үкірші бөктеріне бұрып, Үкірші тауынан тоспа салу мәселесін қарастыру ( Аталған аумаққа өзенді бұрып, тоспа салған жағдайда Жамбыл ауылдық округінен 1100 га, Текес ауылдық округінен 3000 га, Тегістік ауылдық округінен 1200 га, яғни жалпы көлемі 5300 га суармалы егістік жерлер сапалы тұнық сумен қамтамасыз етіледі. Бұл аймақта қазіргі заманғы су үнемдеу қондырғыларын (жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерін) орнатуға үлкен мүмкіндік береді. |
Жобаны іске асыру үшін жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеуге қажетті қаражатты бөлуге кезекті бюджет комиссиясы отырысына бюджеттік өтінім енгізілсін. |
01.11.2026 ж. |
Су ресурстар және ирригация басқармасы Райымбек ауданының әкімдігі Б. Бақытұлы (бақылау) |
3. |
ОМАРБЕКОВ Бекжан Қыдырханұлы Қызылшекара ауылының тұрғыны |
Қызылшекара ауылындағы К. Байшығанұлы атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлу мәселесін қарастыру (2026 жылы жобаның мемлекеттік сараптама қорытындысының қолданылу мерзімі аяқталады). |
Жаңа мектеп салу мүмкіндігін қарастырып, мектеп құрылысына қолайлы жер учаскесін анықтасын. Жаңа мектеп пайдалануға берілгеннен кейін қолданыстағы К. Байшығанұлы атындағы мектеп ғимаратын өзге мақсаттарға пайдалану көзделсін. |
01.12.2026 ж. |
Райымбек ауданы әкімдігі Білім басқармасы Құрылыс басқармасы Ғ. Майлыбаев (бақылау) |
4. |
МЫРҚАСЫМОВ Ғалымжан Мұхтарұлы Сарыжаз ауылының тұрғыны |
Райымбек ауданындағы туристік аймақтарды электр энергиясымен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыру мәселесі. |
Туристік нысандардың электр энергиясы қажеттілігі зерделеніп, қамтамасыз етудің баламалы көздерін (күн панельдерін) пайдалану мүмкіндігі қарастырылсын. |
01.02.2027 ж. |
Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы Туризм басқармасы «АЖК» АҚ (келісім бойынша) Райымбек ауданының әкімдігі Ә. Масабаев (бақылау) |
5. |
НҰРМУХАНБЕТОВ Бақытжан Тұрысбекұлы Көмірші ауылының тұрғыны |
Көмірші ауылындағы Көмірші каналының бойынан бұлақ және еріген қар суларын жинақтайтын тоспа салу мәселесі (аталған тоспаны салу арқылы 58 шаруа қожалығына тиесілі 2 500 га егістік алқапты суармалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Қазіргі таңда су тапшылығына байланысты аталған алқаптың тек 1 014 га ғана сумен қамтылуда). |
Нысанға зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін шығып, жобаны іске асырудың алдын ала есептік құнын айқындасын. ЖСҚ әзірлеуге қажетті қаражатқа бюджеттік өтінім енгізілсін. |
01.12.2026 ж. |
Су ресурстар және ирригация басқармасы Ауыл шаруашылығы басқармасы Райымбек ауданының әкімдігі Б. Бақытұлы (бақылау) |
6. |
ДАМЕНОВ Даулен Жамбыл ауылының тұрғыны |
Жамбыл ауылындағы мемлекеттік шекара мен шекаралық пост арасындағы жайылымдық жерлерді ауыл тұрғындарының пайдалану мәселесі. Аталған аумақтың жабық болуына байланысты ауыл тұрғындарының мал жаю мүмкіндігі шектеліп отыр. |
Аудан әкімдігі Мемлекеттік шекара қызметінің өкілдерімен бірлесіп, аталған мәселені зерделеп, ауыл тұрғындарының жайылымдық жерлерді пайдалану мүмкіндігін қарастырсын. |
01.11.2026 ж. |
Райымбек ауданының әкімдігі ҚР ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінің шекара қызметі (келісім бойынша) Б. Бақытұлы (бақылау) |
7. |
ӘШІМБАЕВ Мақсат Нүсіпбекұлы Сарыбастау ауылының тұрғыны |
Сарыбастау ауылы аумағында 3 жыл бұрын салынған тоспаларды қалпына келтіріп, пайдалануға беру мәселесі. |
Пайдалануға берілген тоспалардың барлық кемшіліктері толық анықталып, оларды жою және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсін. Қолданыстағы заңнама шеңберінде мердігер ұйымның нысандарды талапқа сәйкестендіруін қамтамасыз ету немесе бөлінген бюджет қаражатын қайтару бойынша тиісті шаралар қабылдансын. |
01.12.2026 ж. |
Құрылыс басқармасы Райымбек ауданы әкімдігі Б. Бақытұлы (бақылау) |