Алматы облысыҰйғыр ауданы
Шонжы ауылдық округінің әкімі болуға
кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды ақпарат
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2026 жылғы 26 тамызда Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 4 қазанға Алматы облысы, Ұйғыр ауданы Шонжы ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.
Сайлауды тағайындау, сайлау округін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, шекаралары, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және аудандық «Қарадала тынысы - Қарадала нәпәси» газетінде жарияланды.
Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 11 учаскелік сайлау комиссиялары, 86 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Шонжы ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 13931 адамды құрайды.
2026 жылдың 27 тамызынан бастап әкім болуға кандидаттарды ұсыну басталды. Ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2026 жылдың 8 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 2 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен және 1 кандидат «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.
Әкім болуға кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 8 қыркүйек сағат 18:00-де аяқталды.
Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы