ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН ИПБ-ға БЕРУ БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАР

    Ұйғыр ауданының әкімдігі

    Міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын 100% инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) беру мүмкіндігіне қатысты заңнамалық өзгерістерді кімдер пайдалана алады? Беруүрдісіқалай жүзеге асырылады?

    Қазіргі уақытта салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарының 50%-на дейінгі бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ), сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарының 100%-на дейінгі бөлігін ИПБ-ға бере алады. 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылардың міндетті зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру мүмкіндігі 100%-ға дейін кеңейеді. Салымшыларға ИПБ-ны таңдау кезінде қолайлы болуы үшін зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz интернет-платформасында ай сайын барлық қажетті ақпарат жарияланады. Атап айтқанда, онда қаржылық көрсеткіштер, зейнетақы активтерінің кірістілігі, сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерінің көлемі, инвестициялық портфельдің құрылымы және оның динамикасы көрсетіледі.

    Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру үшін салымшы зейнетақы активтерін басқаруға жіберілген ИПБ тізілімінен қажетті ИПБ-ны таңдауы қажет. Бұл туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтындағы «Қызметтер – Сенімгерлік басқаруға беру – Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінде орналастырылған. Одан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш беру қажет. Мұны БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып немесе БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып жасауға болады.

    Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру туралы берілген өтініштің мәртебесін БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы «Менің төлемдер/аударымдар/ЕЗЖ қайтаруға қатысты өтініштерім» бөлімінен бақылауға болады.

    ИПБ-ға беру туралы өтініштерді қабылдау, сондай-ақ оларды БЖЗҚ-да өңдеу үрдістері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруді нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде жүзеге асырады.

    1. ИПБ салымшыларға не ұсына алады?

    2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарының 50%-на дейінгі бөлігін және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарының 100%-на дейінгі бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмай, ИПБ-ға аудару мүмкіндікке ие болды. Сонымен қатар, егер сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған болса, МЗЖ және/немесе МКЗЖ бойынша жинақтардың бүкіл сомасын аударуға болады.

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылардың міндетті зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру мүмкіндігі 100%-ға дейін кеңейеді.

    Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейінгі бөлігін ИПБ басқаруына беру салымшыларға ИПБ-лардың көрсеткіштері мен инвестициялық стратегияларын зерделеу негізінде, өздерінің жеке қалауларын ескере отырып, капиталды ұзақ мерзімді перспективада көбейтуге мүмкіндік береді.

    1. Қандай компанияларға зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат берілуі мүмкін?

    Зейнетақы активтерін басқаруға, қолданылатын стратегиясына қарамастан, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің зейнетақы активтерін басқаруға жіберілген ИПБ тізіліміне енгізілген компанияларға ғана рұқсат беріледі.

    ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ИПБ-ларға арнайы талаптар әзірлеген. Атап айтқанда, олардың инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы, нарықта және клиенттердің активтерін басқаруда табысты жұмыс тәжірибесі, соңғы бірнеше жылдағы қаржы-шаруашылық қызметінің оң нәтижелері, зейнетақы активтерін инвестициялауға байланысты шығындарды өтеуге жеткілікті меншікті капиталы және т.б. болуы тиіс.

    Сонымен қатар, ИПБ БЖЗҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасуы, сондай-ақ БЖЗҚ және кастодиан-банкпен үшжақты кастодиандық шарт жасасуы қажет.

    Қазіргі уақытта зейнетақы активтерін басқаруға алты компания жіберілген. Олар:

    • «Alatau City Invest» АҚ;
    • «BCC Invest» АҚ;
    • «Halyk Global Markets» АҚ;
    • «Halyk Finance» АҚ;
    • «Сентрас Секьюритиз» АҚ;
    • «Tansar Capital» АҚ.

    «Halyk Global Markets» АҚ 2025 жылғы 30 желтоқсанда БЖЗҚ-ға 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ИПБ бастамасымен шартты бұзу туралы хабарлады. Осыған байланысты БЖЗҚ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың зейнетақы активтерін оның басқаруына аудару туралы жаңа өтініштерін қабылдамайды. Компания тізілімнен шығарылған жағдайда, салымшылардың жинақтары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің басқаруына қайтарылады.

    1. Зейнетақы жинақтарын басқаруды қай компанияға сеніп тапсыру керектігін қалай таңдауға болады?

    Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдамас бұрын, нарықтағы ИПБ-лардың қолданыстағы тізімімен мұқият танысып, олардың БЖЗҚ сайтында орналастырылған инвестициялық декларацияларын зерделеуді ұсынамыз. Сондай-ақ ИПБ-лардың қаржылық көрсеткіштерін, сонымен бірге ИПБ-ға қатысты реттеуші орган — ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар және ықпал ету шаралары туралы ақпаратты (егер олар болған жағдайда) талдау қажет.

    ИПБ-ны таңдау – салымшының дербес шешімі.

    БЖЗҚ-ның invest.enpf.kz порталында әртүрлі ИПБ қызметінің тиімділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштерді салыстыруға болады. Олардың қатарында: кірістілік, УЕ (зейнетақы активтерінің инвестициялау нәтижесінде өзгеруін сипаттау үшін пайдаланылатын зейнетақы активтері құнының үлестік шамасы, оның бағамы есептелген инвестициялық кіріске (залалға) байланысты болады), портфельдің құрылымы және ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері бар.

    Инвестициялық басқару жөніндегі бірыңғай ақпараттық интернет-платформа — салымшыларға зейнетақы инвестицияларын онлайн режимде талдауға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс.

    Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:

    • ИПБ-ға/ИПБ-дан/ҚР Ұлттық Банкіне беруге немесе қайтаруға қолжетімді соманы тексере алады;
    • ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚР Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру ережелерімен және шарттарымен таныса алады;
    • ИПБ-ны таңдау (өзгерту) немесе ҚР Ұлттық Банкіне қайтару туралы өтініш бере алады және оның мәртебесін бақылай алады;
    • басқа да қолжетімді зейнетақы қызметтерін пайдалана алады.

    Осылайша, invest.enpf.kz бірыңғай интернет-платформасы зейнетақы жүйесіндегі цифрлық сервистерді дамытудың маңызды элементіне айналып, салымшылардың зейнетақы капиталын басқаруға неғұрлым саналы түрде қатысуына және өздерінің қаржылық болашағын қалыптастыруына ықпал етеді.

    Сондай-ақ таңдалған ИПБ инвестициялық портфелі бойынша өзекті ақпаратпен БЖЗҚ сайтындағы тиісті бөлімнен ( Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға аудару) танысуға болады.

    1. БЖЗҚ-ның дерекқорлары зейнетақы жинақтарының ірі сомаларын аударуға және болашақта бірнеше портфельді жүргізуге/есепке алуға бейімделген бе? ИПБ жүйелерімен интеграция қалай жүзеге асырылады?

    БЖЗҚ-ның әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде өз ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша мол тәжірибесі бар екенін атап өткен жөн. Осыған сәйкес, БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйелері ИПБ-мен өзара іс-қимыл барысында барлық деректерді есепке алуға мүмкіндік береді.

    Бұл ретте БЖЗҚ барлық салымшылар үшін бірыңғай есептік және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (салымшының таңдауы бойынша ҚР Ұлттық Банкі және/немесе ИПБ), олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы болып қала береді.

    Жүктеу
    e3fcc275999a9dca5ffea1118835018881b6b709f6a4dc83dd255267fc11ebf9_original.27927.docx
    DOCX · 27 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылдық округі әкімі болуға тіркелген кандидаттар туралы қорытынды хабарлама

    2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылдық округі әкімі болуға тіркелген кандидаттар туралы қорытынды хабарлама № п/п Аты, әкесінің аты, тегі Туған жылы Атқаратын лауазымы, жұмыс орны м...

    Ұйғыр ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Алматы облысының әкімі М.Е. Сұлтанғазиевтің 2026 жылғы 28 тамыздағы Ұйғыр ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында көтерілген проблемалық сұрақтарды шешу жөніндегі ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

    № р/с Өтініш берушінің аты-жөні, елді мекен Сұрақ Проблемалық мәселелерді шешу шаралары Мерзімі Жауаптылар 1. Исмаилов Мирзалим Шонжы ауылының тұрғыны Шонжы ауылындағы 95 пайызға тозған кәріз жүйесін жаңғырту және жаңа...

    Ұйғыр ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебін...

    Ұйғыр ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, салымшылардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтетін өзгерістер[1] күшіне енді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді...

    Ұйғыр ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанынеске салады «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 01.01.2026 ж. бастап салымшылардан...

    Ұйғыр ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 1 тамыздағы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелері

    Салымшылардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады. ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарна...

    Ұйғыр ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті

    Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 тамызына 28,35 трлн теңгеболды. 12 айдағы өсім – 3,50 трлн теңгенемесе 14,1%. Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейне...

    Ұйғыр ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98,6% цифрлық форматта жүргізілді

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтар...

    Ұйғыр ауданының әкімдігіЖарияланды: