2026 жылғы 8 қыркүйек сағат 18:00-де Сандықтау ауданы Сандықтау ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде өзін-өзі ұсыну тәртібімен – 2 кандидат (66,6%), ӘДІЛЕТ партиясынан – 1 кандидат (33,3%).
Орташа бәсекелестік 3 адамды құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, олар 2026 жылғы 13 қыркүйек сағат 18:00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабы 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы хабар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.