Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8/6 «Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Сандықтау ауданының әкімдігі

    Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының «Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8685-03 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

    жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

    7-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

    «4) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.»;

    7-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

    «4) 9 мамыр - Жеңіс күніне:

    Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5000000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;

    Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына, 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға, 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    10-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;

    11-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

    «1) кірістерді есепке алмағанда:

    өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) үш айдан кешіктірмей бір мезгілде 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде;

    дүлей зілзаланың салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) үш айдан кешіктірмей бір мезгілде 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде;

    денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер) бар адамдарға (отбасыларға) аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    амбулаториялық емдеудегі белсенді нысандағы туберкулез ауруы бар адамдарға ай сайын 6 айдан артық емес 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде; «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 6 және 7 – баптарында көрсетілген адамдарға, «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргіндерге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;

    «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабында көрсетілген адамдарға коммуналдық қызметтер үшін шығыстарға ай сайын 3,5 (үш жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көрсетілген адамдарға коммуналдық қызметтер үшін шығыстарға ай сайын 2,5 (екі жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».

    1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сандықтау аудандық

    мәслихатының төрайымыГ. Мұстафина

    ф

    Жүктеу
    48235031bb792e7deadc67121be57120_original.25929.docx
    DOCX · 25 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Ақмола облысы Сандықтау ауданының Сандықтау ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабар

    2026 жылғы 8 қыркүйек сағат 18:00-де Сандықтау ауданы Сандықтау ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде өзін-өзі ұсыну тәртібімен – 2 кандидат (66,6%),...

    Сандықтау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    «Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8/6 «Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Сандықтау аудандық мәслихат шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

    «Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8/6 «Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі...

    Сандықтау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сандықтау ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

    № Сандықтау ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары 1 Сандықтау ауылы Орталық көшесі 40, Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөл...

    Сандықтау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес «Сандықтауский край» газетінің редакциясы сайлау алдындағы жұмыс үшін ақпараттық хабарламаның баспа алаңын ұсынады. Жариялау...

    Сандықтау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ХАБАРЛАМА Сандықтау ауданының Сандықтау ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округінің шекаралары және сайлау учаскелерінің орналасқан жері туралы.

    Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 26 тамыздағы № 18/33 «Сандықтау ауылдық округі әкімінің өкілеттік мерзімінің заңда белгіленген мерзімінің аяқталуына байланысты Сандықтау ауданы Сандықтау ауылд...

    Сандықтау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Азаматтық бюджет ауылдық округтер

    Азаматтық бюджет ауылдық округтер

    Сандықтау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026-2028 жылдарға Сандықтау ауданының арналған азаматтық бюджет

    2026-2028 жылдарға Сандықтау ауданының арналған азаматтық бюджет

    Сандықтау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сандықтау ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жерлері туралы хабарлама

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, 13-бабының 4-тармағына, 17-бабының 2-тармағына, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комисс...

    Сандықтау ауданының әкімдігіЖарияланды: