Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті

    Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы

    Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 тамызына 28,35 трлн теңге болды. 12 айдағы өсім – 3,50 трлн теңге немесе 14,1%. Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) қалыптасқан. 2026 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша жарнаның бұл түрінің есепті күндегі көлемі – 26,31 трлн теңге, 12 айда 2,69 трлн теңгеге немесе 11,4% өсті.

    Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 12 айда 6,6%- ға ұлғайып, 751,56 млрд теңгеден асты. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 тамызға оның көлемі 10,41 млрд теңге болып, 12 айда 14,9% өсім көрсетті.

    Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) да айтарлықтай ұлғаюда. 12 ай ішінде 2,5 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 тамызына 1 273,93млрд теңге болды.

    Түсімдер

    Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың алғашқы 7 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 2 127,27млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15,7%-ға (немесе 289,09 млрд теңгеге) артық.

    МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 тамызға дейін 1 630,80 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 8,1%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 87,69 млрд теңге (өсім – 11,0%), ЕЗЖ – 1251,28 млн теңге түсті. Жыл басынан бастап 01.08.2026ж. жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен жарналар 407,53 млрд теңгені құрады.

    Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.08.2026ж. жағдай бойынша 1233,05 млрд теңгені құрады.

    Төлемдер мен аударымдар

    2026 жылғы қаңтар-шілде айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1083,51млрд теңгені құрады.

    Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 170,95 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 38 9993 теңге.

    2026 жылдың басынан бастап 01.08.2026 жылға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 435,20 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 63,06 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 28,13 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,05 млрд теңге, жерлеуге – 5,56 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 378,56 млрд теңге аударылды.

    ЖЗШ саны

    2026 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,89 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,12 млн бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 тамызында 12,84 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,39 млн - МЗЖ бойынша, 789,48 мыңы - МКЗЖ бойынша, 463,69 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,39 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.

    БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 6,06 млн бірлік.

    Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

    Әр қазақстандықтың зейнетақы жинақтары – тиімді басқаруға болатын қаржылық ресурс. «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшылары өз жинақтарының кірістілігіне дербес ықпал ете алады. Ол үшін зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфе...

    Ақпарат

    БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98,6% цифрлық форматта жүргізілді

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтар...

    Ақпарат

    ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН ИПБ-ға БЕРУ

    БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАР Міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын 100% инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) беру мүмкіндігіне қатысты...

    Ақпарат

    2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның демографиялық сипаттамасы және болашаққа болжамдар

    2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны шамамен 20,5 млн адамға жетті. Оның ішінде 25 жасқа дейінгі азаматтар – 8,79 млн адам (42,9%), 25 жастан 65 жасқа дейінгілер – 9,73 млн адам (47,5%), 65 жаст...

    Ақпарат

    Баспасөз аңдатпасы

    2026 жылғы қыркүйектің 16 күні сағат 11-00-де, 15-00-де «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ) офлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Өткізілетін мекенжайы: Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темирбаев көшесі, 30 үй. Іс-ша...

    Ақпарат

    БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанын еске салады

    БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанынеске салады «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 01.01.2026 ж. бастап салымшылардан...

    Ақпарат

    2026 жылғы 1 тамыздағы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелері

    Салымшылардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады. ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарна...

    Хабарландыру

    Деректердің сыртқа кетуінен қорғау (DLP) жүйесін сатып алуға коммерциялық ұсыныстарды жинау туралы хабарландыру

    DLP жүйесін сатып алу туралы хабарландыру Деректердің сыртқа кетуінен қорғау (DLP) жүйесін сатып алуға коммерциялық ұсыныстарды жинау туралы хабарландыру «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету жә...