Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы
«Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, архив ісін жүргізу және басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.«Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.«Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Құжаттар
Зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады
Әр қазақстандықтың зейнетақы жинақтары – тиімді басқаруға болатын қаржылық ресурс. «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшылары өз жинақтарының кірістілігіне дербес ықпал ете алады. Ол үшін зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) беру мүмкіндігі бар. ИПБ зейнетақы активтерін кіріс алу мақсатында инвестициялық декларацияда көзделген акцияларға, облигацияларға, валютаға және басқа да қаржы құралдарына инвестициялайды. БЖЗҚ Қазақстан халқының қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Жыл басынан бері Қор 600 мың адамды қамтыған 30 мыңға жуық ақпараттық кездесу өткізді, сондай-ақ 220 мыңнан астам өтінішті қарады. 2026 жылғы 16 қыркүйекте «БЖЗҚ» АҚ барша ниет білдірушілерді «Салымшылардың өз зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушы компаниялар туралы ақпаратты өз бетінше алуға арналған invest.enpf.kz порталы» тақырыбында өтетін кезекті Ашық есік күніне қатысуға шақырады. Іс-шара офлайн форматта өтеді. Өткізілетін мекенжайы: Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темирбаев көшесі, 30 үй. Кездесу барысында Сіз: ҚР Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты салымшылар үшін қандай мүмкіндіктер пайда болғанын; ИПБ қандай қызметтер ұсынатынын; ИПБ-ны қалай таңдауға және зейнетақы жинақтарын оған қалай беруге болатынын; зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына берген кездегі оларды қорғау тетіктерін; бірыңғай ақпараттық интернет-платформа – enpf.kz сайтын пайдалану тәсілдері мен оның артықшылықтары туралы білесіз. Сонымен қатар БЖЗҚ мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелер бойынша жеке кеңестерін ұсынады. Барша ниет білдірушілерді Ашық есік күніне қатысып, зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктері туралы өзекті әрі сенімді ақпарат алуға шақырамыз. «БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларды және барша ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді! БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).
БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98,6% цифрлық форматта жүргізілді
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтардың зейнетақы жинақтарын жинақтау және болашақта төлемдер қамтамасыз ету. Қор ұсынатын қызметтер азаматтарға лайықты зейнетақы үшін қажетті соманы жинап қана қоймай, сонымен қатар өз болашағын қаржылық жоспарлауға белсенді қатысуға көмектеседі. БЖЗҚ қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды салымшылардың қажеттіліктеріне бейімдей отырып дамытуда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты. 01.01.2026ж. мен 31.07.2026ж. аралығында Қор салымшыларға 32,4 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 20,7 млн-ы электрондық форматта, 11,0 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электронды және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,6%-ын құрады. Салымшыларға 454,4 мың қызмет жүзбе-жүз көрсетілді, оның ішінде 443,1 мың қызмет тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды. Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 1,1 млн бірлікке жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 21,7 млн үзінді көшірме берілді. Оның 19,3 млн-ы – электрондық, ал 2,1 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады. Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Өткен кезеңде салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруына аударуға 74,0 мың өтініші қабылданды, оның басым бөлігі – электрондық форматта. БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасы инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікке біріктіріп, инвестициялық қызметтері туралы деректерді жүйелі түрде ұсынатынын естеріңізге салады. invest.enpf.kz порталында пайдаланушыларға зейнетақы жинақтарының жүйесі, бағалы қағаздар, инвестициялау стратегиялары (критерийлері), базалық ұғымдар, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы туралы мәліметтер, сондай-ақ әрбір ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері, ИПБ-ның реттеушілік талаптарды сақтауы туралы деректер, салымшыларға ИПБ-ның портреті мен инвестициялық қызметін жасауға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Есепті кезең ішінде деректемелерді өзгертуге 67,2 мың өтініш қабылданды. Оның 63,1 мыңы Қордың кеңселерінде орындалды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 34,7 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 689,0 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 24,1 мың материал жарияланды. Салымшылар мен алушылардан кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша 255,8 мың өтініш түсті. Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет. БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН ИПБ-ға БЕРУ
БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАР Міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын 100% инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) беру мүмкіндігіне қатысты заңнамалық өзгерістерді кімдер пайдалана алады? Беруүрдісіқалай жүзеге асырылады? Қазіргі уақытта салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарының 50%-на дейінгі бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ), сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарының 100%-на дейінгі бөлігін ИПБ-ға бере алады. 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылардың міндетті зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру мүмкіндігі 100%-ға дейін кеңейеді. Салымшыларға ИПБ-ны таңдау кезінде қолайлы болуы үшін зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz интернет-платформасында ай сайын барлық қажетті ақпарат жарияланады. Атап айтқанда, онда қаржылық көрсеткіштер, зейнетақы активтерінің кірістілігі, сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерінің көлемі, инвестициялық портфельдің құрылымы және оның динамикасы көрсетіледі. Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру үшін салымшы зейнетақы активтерін басқаруға жіберілген ИПБ тізілімінен қажетті ИПБ-ны таңдауы қажет. Бұл туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтындағы «Қызметтер – Сенімгерлік басқаруға беру – Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінде орналастырылған. Одан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш беру қажет. Мұны БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып немесе БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып жасауға болады. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру туралы берілген өтініштің мәртебесін БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы «Менің төлемдер/аударымдар/ЕЗЖ қайтаруға қатысты өтініштерім» бөлімінен бақылауға болады. ИПБ-ға беру туралы өтініштерді қабылдау, сондай-ақ оларды БЖЗҚ-да өңдеу үрдістері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруді нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде жүзеге асырады. ИПБ салымшыларға не ұсына алады? 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарының 50%-на дейінгі бөлігін және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарының 100%-на дейінгі бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмай, ИПБ-ға аудару мүмкіндікке ие болды. Сонымен қатар, егер сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған болса, МЗЖ және/немесе МКЗЖ бойынша жинақтардың бүкіл сомасын аударуға болады. 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылардың міндетті зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру мүмкіндігі 100%-ға дейін кеңейеді. Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейінгі бөлігін ИПБ басқаруына беру салымшыларға ИПБ-лардың көрсеткіштері мен инвестициялық стратегияларын зерделеу негізінде, өздерінің жеке қалауларын ескере отырып, капиталды ұзақ мерзімді перспективада көбейтуге мүмкіндік береді. Қандай компанияларға зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат берілуі мүмкін? Зейнетақы активтерін басқаруға, қолданылатын стратегиясына қарамастан, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің зейнетақы активтерін басқаруға жіберілген ИПБ тізіліміне енгізілген компанияларға ғана рұқсат беріледі. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ИПБ-ларға арнайы талаптар әзірлеген. Атап айтқанда, олардың инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы, нарықта және клиенттердің активтерін басқаруда табысты жұмыс тәжірибесі, соңғы бірнеше жылдағы қаржы-шаруашылық қызметінің оң нәтижелері, зейнетақы активтерін инвестициялауға байланысты шығындарды өтеуге жеткілікті меншікті капиталы және т.б. болуы тиіс. Сонымен қатар, ИПБ БЖЗҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасуы, сондай-ақ БЖЗҚ және кастодиан-банкпен үшжақты кастодиандық шарт жасасуы қажет. Қазіргі уақытта зейнетақы активтерін басқаруға алты компания жіберілген. Олар: «Alatau City Invest» АҚ; «BCC Invest» АҚ; «Halyk Global Markets» АҚ; «Halyk Finance» АҚ; «Сентрас Секьюритиз» АҚ; «Tansar Capital» АҚ. «Halyk Global Markets» АҚ 2025 жылғы 30 желтоқсанда БЖЗҚ-ға 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ИПБ бастамасымен шартты бұзу туралы хабарлады. Осыған байланысты БЖЗҚ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың зейнетақы активтерін оның басқаруына аудару туралы жаңа өтініштерін қабылдамайды. Компания тізілімнен шығарылған жағдайда, салымшылардың жинақтары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің басқаруына қайтарылады. Зейнетақы жинақтарын басқаруды қай компанияға сеніп тапсыру керектігін қалай таңдауға болады? Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдамас бұрын, нарықтағы ИПБ-лардың қолданыстағы тізімімен мұқият танысып, олардың БЖЗҚ сайтында орналастырылған инвестициялық декларацияларын зерделеуді ұсынамыз. Сондай-ақ ИПБ-лардың қаржылық көрсеткіштерін, сонымен бірге ИПБ-ға қатысты реттеуші орган — ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар және ықпал ету шаралары туралы ақпаратты (егер олар болған жағдайда) талдау қажет. ИПБ-ны таңдау – салымшының дербес шешімі. БЖЗҚ-ның invest.enpf.kz порталында әртүрлі ИПБ қызметінің тиімділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштерді салыстыруға болады. Олардың қатарында: кірістілік, УЕ (зейнетақы активтерінің инвестициялау нәтижесінде өзгеруін сипаттау үшін пайдаланылатын зейнетақы активтері құнының үлестік шамасы, оның бағамы есептелген инвестициялық кіріске (залалға) байланысты болады), портфельдің құрылымы және ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері бар. Инвестициялық басқару жөніндегі бірыңғай ақпараттық интернет-платформа — салымшыларға зейнетақы инвестицияларын онлайн режимде талдауға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ: ИПБ-ға/ИПБ-дан/ҚР Ұлттық Банкіне беруге немесе қайтаруға қолжетімді соманы тексере алады; ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚР Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру ережелерімен және шарттарымен таныса алады; ИПБ-ны таңдау (өзгерту) немесе ҚР Ұлттық Банкіне қайтару туралы өтініш бере алады және оның мәртебесін бақылай алады; басқа да қолжетімді зейнетақы қызметтерін пайдалана алады. Осылайша, invest.enpf.kz бірыңғай интернет-платформасы зейнетақы жүйесіндегі цифрлық сервистерді дамытудың маңызды элементіне айналып, салымшылардың зейнетақы капиталын басқаруға неғұрлым саналы түрде қатысуына және өздерінің қаржылық болашағын қалыптастыруына ықпал етеді. Сондай-ақ таңдалған ИПБ инвестициялық портфелі бойынша өзекті ақпаратпен БЖЗҚ сайтындағы тиісті бөлімнен (Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға аудару) танысуға болады. БЖЗҚ-ның дерекқорлары зейнетақы жинақтарының ірі сомаларын аударуға және болашақта бірнеше портфельді жүргізуге/есепке алуға бейімделген бе? ИПБ жүйелерімен интеграция қалай жүзеге асырылады? БЖЗҚ-ның әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде өз ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша мол тәжірибесі бар екенін атап өткен жөн. Осыған сәйкес, БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйелері ИПБ-мен өзара іс-қимыл барысында барлық деректерді есепке алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте БЖЗҚ барлық салымшылар үшін бірыңғай есептік және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (салымшының таңдауы бойынша ҚР Ұлттық Банкі және/немесе ИПБ), олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы болып қала береді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның демографиялық сипаттамасы және болашаққа болжамдар
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны шамамен 20,5 млн адамға жетті. Оның ішінде 25 жасқа дейінгі азаматтар – 8,79 млн адам (42,9%), 25 жастан 65 жасқа дейінгілер – 9,73 млн адам (47,5%), 65 жастан асқандар – 1,98 млн адам (9,6%)[1]. Демографиялық болжамдарға сәйкес, 2050 жылға қарай халық саны 26,5 млн адамға дейін өседі. Қазақстан халқы санының өсуімен қатар оның жас құрылымы да өзгеруде: өмір сүру ұзақтығы артып, туу деңгейі төмендеп, егде жастағы азаматтардың үлесі өсуде, сондай-ақ еңбекке қабілетті халық санының зейнеткерлер санына арақатынасы қысқаруда. Бұл өзгерістер елдің әлеуметтік-экономикалық жүйесіне, оның ішінде зейнетақы жүйесіне елеулі ықпал етуде. Демография мен еңбек нарығындағы жаһандық үрдістерді ескере отырып, Мемлекет басшысы өз Жолдауында «зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайту, ұзақ мерзімді теңгерімді және зейнетақылардың лайықты деңгейін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау» міндетін қойды. Өмір сүру ұзақтығы және егде жастағы адамдардың үлесі Күтілетін өмір сүру ұзақтығы (КӨСҰ)[2] 2020-2021 жылдары COVID-19 індетіне байланысты төмендеген 2021 жылғы 70,23 жастан 2025 жылы 75,97 жасқа дейін өсті. Осындай үрдіс жаһандық деңгейде де байқалады: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бағалауынша, індет кезінде 71,4 жасқа дейін төмендеген әлемдегі орташа күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2025 жылға қарай індетке дейінгі деңгейіне қайта оралып, орта есеппен 73,8 жасқа жетті. Осылайша, Қазақстан күтілетін өмір сүру ұзақтығы көрсеткішінің өсуі бойынша әлемдіккөшпен бірге жылжып келеді (кестені қараңыз): Жыл 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024 2025 Бүкіл халық(жасы) 71,97 72,41 72,95 73,15 73,18 71,37 70,23 74,44 75,09 75,44 75,97 Ерлер(жасы) 67,49 67,99 68,72 68,84 68,82 67,09 66,33 70,26 70,99 71,33 72,91 Әйелдер(жасы) 76,26 76,61 76,92 77,19 77,3 75,53 74,03 78,41 79,06 79,42 79,8 Бұл ретте егде жастағы халық үлесінің айтарлықтай өсуі болжанады. БЖЗҚ мен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) болжамдарына сәйкес, 2050 жылға қарай 60 және одан жоғары жастағы азаматтардың үлесі Қазақстандағы халықтың жалпы көлемінің 18,8% - на жетеді, бұл халықаралық жіктеу бойынша "демографиялық кәріліктің өте жоғары деңгейі" көрсеткішіне сәйкес келеді. Басқаша айтқанда, ғасырдың ортасына қарай орта есеппен әрбір алтыншы қазақстандық 60 жастан асқан болады. Халықтың жалпы көлеміндегі 60және одан үлкен жастағы адамдардың үлесдерегімен болжамы Туудың жиынтық коэффициенті Халықтың құрылымына айтарлықтай әсер ететін көрсеткіштердің бірі – туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК). Ол бір әйелдің бүкіл репродуктивтік кезеңі ішінде (яғни шамамен 15 жастан 50 жасқа дейін) орта есеппен қанша бала туатынын көрсетеді. 2020–2021 жылдардағы ТЖК-нің қалыпты өсуінен кейін, оның тұрақты төмендеу үрдісі байқалды: 2021 жылғы 3,32-ден 2022 жылы 3,06-ға дейін, ал 2025 жылы 2,57-ге дейін төмендеді. БҰҰ-ның ұзақ мерзімді болжамына сәйкес, 2050 жылға қарай Қазақстандағы ТЖК-нің бір әйелге шаққанда 2,39 бала деңгейіне дейін төмендейді. Қазақстандағы 2015–2025 жылдар аралығындағы ТЖК-нің нақты мәндері төмендегі кестеде көрсетілген: Жыл 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024 2025 ТЖК 2,74 2,77 2,75 2,84 2,90 3,13 3,32 3,06 2,97 2,80 2,57 Туу деңгейінің төмендеуі – әлемдік деңгейде байқалып отырған үрдіс. Бұл өмір сүру ұзақтығының артуымен қатар жүріп, еңбекке қабілетті жастағы халық үлесінің қысқаруына алып келеді. Соның салдарынан экономикалық белсенді халыққа түсетін демографиялық жүктеме артады. Көші-қон сальдосы[3] Қазақстандағы БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы саласындағы қорының (UNFPA) өкілдігі «Қазақстан Республикасындағы халықтың ахуалын талдау» атты есебінде 2050 жылға қарай көші-қон сальдосының біртіндеп нөлдік деңгейге (1000 адамға шаққанда 0) жететінін болжайды. Бұл болжам республиканың еңбек күшіне деген жоғары сұраныспен қатар жүретін экономикалық дамуына, этникалық эмиграция әлеуетінің біртіндеп сарқылуына, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстігіндегі елдер халқының жылдам өсуіне негізделген. Төменде 2021–2025 жылдар аралығындағы иммигранттар мен эмигранттар саны келтірілген: Жыл 2 021 2 022 2 023 2 024 2 025 Келді 11 039 17 425 25 387 29 282 23 761 Кетті 32 256 24 147 16 094 12 732 7 608 Көші-қон сальдосы -21 217 -6 722 9 293 16 550 16 153 Осылайша, індеттен кейін Қазақстанға келушілердің жыл сайынғы саны 2021 жылдан бастап 2,15 есе өсті, ал кеткендердің саны 4,24 есе азайды. Әлеуетті қолдау коэффициенті Әлеуетті қолдау коэффициенті (ӘҚК) – әлемде еңбекке қабілетті жастағы адамдар санының (25-тен 64 жасқа дейін) 65 жастағы және одан асқан адамдар санына қатынасы ретінде есептелетін көрсеткіш. Бұл коэффициенттің төмендеу үрдісі жалғасып келеді. Еңбекке қабілетті жастағы адамдардың (25–64 жас) егде жастағы адамдарға (65 жас және одан жоғары) арақатынасы 2012 жылғы 7,68-ден 2025 жылы 4,95-ке дейін төмендеді. Егде жастағы халық санының күтілетін өсімін 25-тен 64 жасқа дейінгі халық үлесінің қысқаруымен ұштастыра отырып (диаграмманы қараңыз) жасалған болжамдарға сәйкес (БЖЗҚ-да, БҰҰ-да), Қазақстанда 2025-2050 жылдар кезеңінде ӘҚК 1,4 еседен астам төмендейтінін білдіреді: 65+ жастағы 1 адамға шаққанда еңбекке қабілетті жастағы 3,42 адам ғана келеді. Әлеуетті қолдау коэффициенті бойынша нақты дерек пен болжам Осылайша, бүкіл әлемдегідей, Қазақстандағы демографиялық өзгерістер де ел бюджетіне түсетін әлеуметтік жүктемені күшейтетін болады. Мұндай жағдайда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің маңызы арта түседі. Бұл жүйеде болашақ зейнетақы жұмыскер мен жұмыс берушінің жарналары есебінен қалыптастырылады, соның нәтижесінде бюджетке ұзақ мерзімді кейінге қалдырылған міндеттемелер жүктелмейді, зейнетақы жүйесінің теңгерімділігі мен қаржылық тұрақтылығықамтамасыз етіледі және оның демографиялық факторларға тәуелділігі төмендейді. Демографиялық өзгерістер жағдайындағы жеке зейнетақыны жоспарлау Демографиялық өзгерістер (халықтың қартаюы, өмір сүру ұзақтығының артуы, бала туу деңгейінің төмендеуі) жағдайында жеке зейнетақыны жоспарлаудың рөлі артып келеді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі азаматтарға тұрақты жарналар мен инвестициялық кіріс есебінен өздерінің болашақ зейнетақы түріндегі табыстарына өз бетінше ықпал етуге мүмкіндік береді. 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістер зейнетақы жинақтарын басқарудың қосымша мүмкіндіктерін ұсынады. БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға бере алады. Бұдан басқа, әрбір ИПБ тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялар құрылымы бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық портфельге дейін (консервативті, қалыпты және тәуекелі жоғары) ұсына алады. Бұл салымшыларға өздерінің қаржылық мақсаттарына сәйкес келетін инвестициялық стратегияны таңдауға мүмкіндік береді. ҚРҰБ мен ИПБ-ның инвестициялау нәтижелері туралы толық ақпаратты БЖЗҚ-ның invest.enpf.kz арнайы порталынан алуға болады. Зейнетақыны болжау және жоспарлау үшін БЖЗҚ екі ыңғайлы сервис – «Зейнетақы калькуляторы» және «Дербес зейнетақы жоспарын» ұсынады. Олар БЖЗҚ сайтында және мобильді қосымшасында қолжетімді. Осы сервистердің көмегімен болашақ зейнетақы мөлшерін есептеп, келешек кірісті арттырудың ықтимал жолдарын анықтауға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында). [1] Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (ҚР СЖРА ҰСБ) деректері бойынша [2] Халықтың өлім-жітім деңгейі қарастырылып отырған жылғыдай сақталған жағдайда, адамның орташа өмір сүру ұзақтығының күтілетін мәні [3] Белгілі бір кезең ішінде қандай да бір аумаққа келгендер саны мен одан кеткендер (қоныс аударғандар) санының арасындағы айырмашылық.
Баспасөз аңдатпасы
2026 жылғы қыркүйектің 16 күні сағат 11-00-де, 15-00-де «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ) офлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Өткізілетін мекенжайы: Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темирбаев көшесі, 30 үй. Іс-шараның тақырыбы: «Салымшылардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты өз бетінше алуға арналған invest.enpf.kz порталы». Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы жинақтарының бүкіл көлемін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) беру мүмкіндігі туралы айтып, осындай компаниялар туралы ақпаратты өз бетінше алуға болатын БЖЗҚ-ның инвестициялық порталы — invest.enpf.kz туралы түсіндіреді. Негізгі күн тәртібінен бөлек, іс-шараға қатысушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық мәселелер бойынша білікті кеңес ала алады. Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. «БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күніне» шақырады!
БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанын еске салады
БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанынеске салады «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 01.01.2026 ж. бастап салымшылардан зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушы (бұдан әрі – ИПБ) «Halyk Global Markets» АҚ беру туралы жаңа өтініштерді қабылдау тоқтатылғанын еске салады. Бұл шешім 2025 жылғы 31 желтоқсанда аталған ИПБ-ның бастамасы бойынша 2021 жылғы 18 ақпандағы № 17/6/18-02-21/П Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бұзу жоспарланып отырғаны туралы хабарламаның алынуына байланысты қабылданды. Бұған дейін ИПБ-ға берілген барлық зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (бұдан әрі — ҚРҰБ) басқаруына берілгенге дейін қолданыстағы шарттарға сәйкес «Halyk Global Markets» АҚ басқаруында қала береді. Қолданыстағы Ережелерге сәйкес, ИПБ Шарт бұзылғанға дейін өз міндеттемелерін толық көлемде орындауға, соның ішінде бекітілген инвестициялық стратегияны, активтердің сақталуы жөніндегі талаптарды және есептілікті сақтауға міндетті. Басқару мерзімі аяқталғаннан кейін БЖЗҚ ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін ақшалай түрде толық көлемде ҚРҰБ-ға сенімгерлік басқаруға қайтаруды жүзеге асырады. Бұл ретте теріс айырма пайда болған жағдайда, ИПБ оны толық көлемде өтейді. ИПБ-ның теріс айырманы есептеуі мен өтеу мерзімдері Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 43 қаулысымен регламенттелген. Салымшылардың (зейнетақы жинақтары ИПБ сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң) зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына немесе басқа ИПБ-ға беруді жүзеге асыруға құқылы екенін еске саламыз. Статистикалық деректерге сәйкес, 2026 жылдың басынан бері «Halyk Global Markets» АҚ-дан басқа ИПБ-ларға жалпы сомасы 765,5 млн теңгеге зейнетақы жинақтары бойынша 441 аударым жасалды. Осы кезеңде ҚРҰБ басқаруына жинақтарды қайтару бойынша жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге 881 аударым жасалды. Бұл ретте ИПБ-ның әрбір салымшысы өзінің зейнетақы жинақтарын басқа ИПБ-ларға немесе ҚРҰБ басқаруына бір реттен көп аударуға құқылы болды. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).