«Жеке менеджер» сервисіне сұраныс артып жатыр

    Жітіқара ауданының әкімдігі

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен форматтарын жүйелі дамытып келеді. Ұсынылған заманауи шешімдердің бірі - «Жеке менеджер» сервисі. Аталған сервис түрін азаматтар халыққа қызмет көрсету орталықтарында да, көшпелі қызмет көрсету форматында да пайдалана алады. Көшпелі қызмет көрсету аясында маман тапсырыс берушімен келісілген уақытта көрсетілген мекенжайға арнайы барып қызмет көрсетеді. Бұл форматта ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ұсынылады, алайда қауіпсіздік пен биометрия талаптарына байланысты жеке куәлік, төлқұжат, жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу қызметтері бұл форматта ұсынылмайды. Көшпелі қызмет көрсету құны – 7 447 теңге. Осы сомаға ұйымдастыру мен жеткізу шығындары кіреді.

    Сервиске тапсырыс беру өте қарапайым. Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтына кіріп, «Жеке менеджер» бөліміндегі «Өтінім қалдыру» батырмасын басып, қажетті ақпаратты енгізу керек. Одан кейін мамандар қызмет алушымен хабарласып, өтінімнің мән-жайын нақтылап, қолайлы уақытты келіседі. Сонымен қатар өтінімді «ЦОН» мобильді қосымшасы немесе 1414 байланыс нөмірі арқылы да беруге болады. Оператормен сөйлескеннен кейін телефонға арнайы сілтеме жазылған SMS хабарлама келеді, соған өту арқылы өтінімді онлайн рәсімдеуге мүмкіндік бар.

    Айта кетейік, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының өзінде де «Жеке менеджер» сервисі қарастырылған. Бұл қызметті орталықта қолдансаңыз, сізге басымдығы бар талон беріледі. Одан кейін қызмет көрсету туралы келісімшарт жасалады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бұл қызметтің құны – 5697 теңге, ал мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында – 6306 теңгені құрайды.

    Азаматтардың уақытын үнемдеуге және ыңғайлылығын арттыруға бағытталған сервис Қостанай облысында жоғары сұранысқа ие. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аймақтың 350-ге жуық тұрғыны ХҚКО-дағы жеке сүйемелдеу қызметін пайдаланған. Бұл қызмет әсіресе өңірдің кішкентай баласы бар ата-аналарға, жұмыс кестесі тығыз азаматтарға, кәсіпкерлерге және денсаулығына байланысты қозғалысы шектеулі жандарға қолайлылық туғызып отыр.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Бюджеттің атқарылуы туралы есеп

    Бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларына 10-қосымша Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Ұсынылады: жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға...

    Жітіқара ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    01.09.2026 жыл бойынша Жітіқара ауданының аудандық бюджетінің атқарылуы

    01.09.2026 жыл бойынша Жітіқара ауданының аудандық бюджетінің атқарылуы

    Жітіқара ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

    Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұядағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын айқындайтын Отбасы күні атап өтіледі. Осы айтулы мереке қарсаңында «Азаматтарға а...

    Жітіқара ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР

    Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Жітіқара ауданының ветеринариялық станциясы» КМК (бұдан әрі-Ветстанция) белгіленген қағидаларға сәйкес Халыққа ветеринария саласында мемлекеттік қызметтің үш түрін көрс...

    Жітіқара ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 348 «Жітіқара ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Мәслихаттың «Жітіқара ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 348 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде...

    Жітіқара ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше жағдайларын сақтау

    Электр желілерінің күзет аймағы – электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғ...

    Жітіқара ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Жітіқара ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» жобасы бойынша қоғамдық кеңесінің ұсынымдары

    «Жітіқара ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» жобасы бойынша қоғамдық кеңесінің ұсынымдары

    Жітіқара ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп тану туралы» жобасы бойынша қоғамдық кеңесінің ұсынымдары

    «Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп тану туралы» жобасы бойынша қоғамдық кеңесінің ұсынымдары

    Жітіқара ауданының әкімдігіЖарияланды: