«Жеке менеджер» сервисіне сұраныс артып жатыр

    Әулиекөл ауданының әкімдігі

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен форматтарын жүйелі дамытып келеді. Ұсынылған заманауи шешімдердің бірі - «Жеке менеджер» сервисі. Аталған сервис түрін азаматтар халыққа қызмет көрсету орталықтарында да, көшпелі қызмет көрсету форматында да пайдалана алады. Көшпелі қызмет көрсету аясында маман тапсырыс берушімен келісілген уақытта көрсетілген мекенжайға арнайы барып қызмет көрсетеді. Бұл форматта ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ұсынылады, алайда қауіпсіздік пен биометрия талаптарына байланысты жеке куәлік, төлқұжат, жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу қызметтері бұл форматта ұсынылмайды. Көшпелі қызмет көрсету құны – 7 447 теңге. Осы сомаға ұйымдастыру мен жеткізу шығындары кіреді.

    Сервиске тапсырыс беру өте қарапайым. Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтына кіріп, «Жеке менеджер» бөліміндегі «Өтінім қалдыру» батырмасын басып, қажетті ақпаратты енгізу керек. Одан кейін мамандар қызмет алушымен хабарласып, өтінімнің мән-жайын нақтылап, қолайлы уақытты келіседі. Сонымен қатар өтінімді «ЦОН» мобильді қосымшасы немесе 1414 байланыс нөмірі арқылы да беруге болады. Оператормен сөйлескеннен кейін телефонға арнайы сілтеме жазылған SMS хабарлама келеді, соған өту арқылы өтінімді онлайн рәсімдеуге мүмкіндік бар.

    Айта кетейік, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының өзінде де «Жеке менеджер» сервисі қарастырылған. Бұл қызметті орталықта қолдансаңыз, сізге басымдығы бар талон беріледі. Одан кейін қызмет көрсету туралы келісімшарт жасалады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бұл қызметтің құны – 5697 теңге, ал мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында – 6306 теңгені құрайды.

    Азаматтардың уақытын үнемдеуге және ыңғайлылығын арттыруға бағытталған сервис Қостанай облысында жоғары сұранысқа ие. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аймақтың 350-ге жуық тұрғыны ХҚКО-дағы жеке сүйемелдеу қызметін пайдаланған. Бұл қызмет әсіресе өңірдің кішкентай баласы бар ата-аналарға, жұмыс кестесі тығыз азаматтарға, кәсіпкерлерге және денсаулығына байланысты қозғалысы шектеулі жандарға қолайлылық туғызып отыр.

    Жүктеу
    a19c28123cf52384ba266fcd1f8b6573_original.31308.docx
    DOCX · 31 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа цифрлық кезеңі ЖИ-ді қолданумен жалғаспақ

    Үкіметтің11 тамызындағыотырысында жасанды интеллектке негізделген мемлекеттік қызметтер экожүйесін құру мәселесі талқыланды.Осыған дейін цифрландыруды анықтама мен өтініштерді жай ғана онлайн форматқа көшірудеп қабылдады...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округі, Тимофеев ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы Әулиекөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9 тармағына сәйкес Әулиекөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы әкім болуға кандидаттарды тіркеді: Чернигов ауылдық...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 1 тамыздағы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелері

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Әулиекөл ауданы әкімдігінің «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама. ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98,6% цифрлық форматта жүргізілді

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды: