Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа цифрлық кезеңі ЖИ-ді қолданумен жалғаспақ

    Әулиекөл ауданының әкімдігі

    Үкіметтің11 тамызындағыотырысында жасанды интеллектке негізделген мемлекеттік қызметтер экожүйесін құру мәселесі талқыланды.Осыған дейін цифрландыруды анықтама мен өтініштерді жай ғана онлайн форматқа көшірудеп қабылдадық. Ал жаңа жүйе сапалы түрде жоғары деңгейге өтудің көрінісі. Оның басты міндеті заманауи технологиялар мен ЖИ арқылы мемлекет пен азамат арасындағы байланыс механизмін түбегейлі жаңарту болып отыр.

    Бүгінде бұл жүйеге QazTech, eGov 3.0, eGov GPT, AI-офистер және eGov Business сияқты барлық цифрлық сервистер біріктірілуде. Сондықтан сөз eGov-ты кезекті модернизациялау туралы емес, цифрлық мемлекетті дамытудың келесі кезеңі туралы болып отыр.

    Бірқатар мемлекеттік қызметтер онлайн форматқа көшірілгеннен бері қазақстандықтар ХҚКО операторларына 30%-ға сирек жүгінетін болды. Азамат қай мекемеге баруды, қандай құжат жинауды немесе жүйелердің қалай жұмыс істейтінін зерттеп бас қатырмауы тиіс. Барлық процесс бірыңғай цифрлық экожүйеде жүреді, ал адам дайын нәтижені артық әрекетсіз, мүмкіндігінше жылдам алады. Соның ішінде ЭЦҚ алу мен тұрғылықты жерге тіркелу толықтай дерлік онлайнға көшті. Көлікті бастапқы тіркеу, жерге акті мен жылжымайтын мүлікке паспорт алу алғаш рет цифрлық форматта қолжетімді.

    Осыған байланысты ХҚКО тұжырымдамасы түбегейлі өзгеруде. Жаңа AI-офистер 70/20/10 моделімен құрылады. Ғимараттың 70%-ы eGov GPT бар терминалдар арқылы қызметті өзі алуға арналған экспресс-аймаққа беріледі. Сондай-ақ сараптамалық және оқыту аймақтары болады. Ал қызметкердің шаруасы тек күрделі мәселелерде көмектесу.

    Жаңа өзгеріс цифрландыру жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне бағытталған. Жоғары деңгейдегі сервисті ел ішінде қамтамасыз ету үшін барлық өңірде ХҚКО-ларды жаңартуды толық аяқтау тапсырылды.

    Бұдан бөлек Үкімет отырысында кәсіпкерлерді қолдау қызметтерінің 60%-ға жуығы әлі де қағаз жүзінде орындалатыны сөзге тиек етілді. Мемлекеттік қызметтердің жалпы цифрлану деңгейі жоғары болғанымен, аталған көрсеткіш бизнеске жағдай жасауда әлі де үлкен резерв бар екенін көрсетеді.

    Сол себепті Үкімет қызметтерді қайта қарауды жеделдетіп, оларды eGov Business-ке біріктіруді тапсырды. Қазірдің өзінде аталмыш қосымша бизнесті тіркеу мен шот ашудан бастап, лицензия алу мен ЖК жабуға дейінгі барлық кезеңде көмектеседі. Жаңартылған сервисті 135 мың адам жүктеп алған, ал оны ай сайын шамамен 35 мың кәсіпкер қолданады.

    Болашақта экожүйе кеңейіп, мемлекеттік қолдау шаралары, бизнестің цифрлық картасы, жер, мүлік және корпоративтік банктік өнімдермен толығады. Ал қыркүйек айынан бастап шарттарды онлайн жасасуға арналған Smart Contract жүйесі жоспарланған. Бизнес өкілдері үшін цифрландырудың практикалық пайдасы әкімшілік рәсімдерге кететін уақыт пен қағаз айналымын үнемдеуге және жобаларды тезірек іске қосуға мүмкіндік береді.

    Қазір Қазақстан БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту рейтингінде 24-орында тұр. Осыған орай, Президент жүктеген ЖИ-ді кеңінен енгізу міндеті цифрландырудың келесі логикалық кезеңіне айналып отыр. Азаматтар мен бизнес үнемдеген уақыт цифрлық мемлекеттің басты тиімділік көрсеткіші болмақ.

    Жүктеу
    b62e5a6e7735ad8191221b633014b1ec_original.31211.docx
    DOCX · 30 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Жеке менеджер» сервисіне сұраныс артып жатыр

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен форматтарын жүйелі дамытып келеді. Ұсынылған заманауи шешімдердің бірі - «Жеке менеджер» сервисі. Аталған сервис т...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округі, Тимофеев ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы Әулиекөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9 тармағына сәйкес Әулиекөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы әкім болуға кандидаттарды тіркеді: Чернигов ауылдық...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 1 тамыздағы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелері

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Әулиекөл ауданы әкімдігінің «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама. ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98,6% цифрлық форматта жүргізілді

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды: