Жетісу облыстық VIII шақырылым мәслихатының атқарған қызметі туралы ЕСЕП

    Жетісу облыстық мәслихатының аппараты

    Жетісу облыстық VIII шақырылым мәслихатының атқарған қызметі туралы ЕСЕП

    Жетісу облыстық мәслихаты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырды.

    Сессиялар және қабылданған шешімдер

    • 2023 жылы VIII шақырылымдағы депутаттардың жұмысы басталып, 4 кезекті және 8 кезектен тыс сессия өткізіліп, 72 шешім, оның ішінде 16 нормативтік құқықтық акт қабылданды. Алғашқы ұйымдастыру сессиясында мәслихат төрағасы, 5 тұрақты комиссияның төрағалары мен мүшелері сайланды.
    • 2024 жылы 4 кезекті және 8 кезектен тыс сессия өткізіліп, 77 шешім қабылданды, оның ішінде 25 нормативтік құқықтық акт қабылданды.
    • 2025 жылы 4 кезекті және 5 кезектен тыс сессия өткізіліп, 52 шешім қабылданды, оның ішінде 13 нормативтік құқықтық акт әділет органдарында тіркелді.
    • 2026 жылдың І жарты жылдығында 3 кезекті және 2 кезектен тыс сессия өткізіліп, 29 шешім қабылданды, оның ішінде 7 нормативтік құқықтық акт әділет органдарында тіркелді.

    Осы уақытта барлығы 38 сессия өткізіліп, 230 шешім, оның ішінде 61 нормативтік құқықтық акт қабылданды.

    Облыстық бюджетті қалыптастыру

    Мәслихаттың негізгі міндеттерінің бірі – облыстық бюджетті бекіту және оның орындалуын бақылау.

    • 2023 жылы облыстық бюджет 488,9 млрд теңгені құрап, орындалуы 99,6 % болды.
    • 2024 жылы бюджет көлемі 568,1 млрд теңгеге жетіп, орындалуы 98,3 % құрады.
    • 2025 жылы нақтыланған бюджет көлемі 658,8 млрд теңгені құрап, орындалуы 98,1 % болды.
    • 2026 жылы (жарты жылдық) - нақтыланған бюджет көлемі 629,5 млрд теңгені құрап, орындалуы _2026 жылдың бірінші жарты жылдығына 285,2 млрд теңгенің игерілуі 284,2 млдр теңге, яғни 99,6 % болды.

    Осы уақыт ішінде бюджеттерді нақтылау барысында денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік осал топтарды қолдау, газдандыру, ауыз су, жолдар, инженерлік инфрақұрылым және өңірлік даму жобаларына басымдық берілді.

    Маңызды шешімдер

    Осы кезеңде:

    • Жетісу облысының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары бекітілді;
    • Талдықорған және Текелі қалаларының бас жоспарлары мақұлданды;
    • Тұрғын үй сертификаттары мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары қолдау тапты;
    • Медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары енгізілді;
    • Газдандыру, туризмді дамыту, «Таза Қазақстан» бағдарламасы және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында бірқатар шешімдер қабылданды;
    • Жетісу облысында тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын бекітілді;
    • Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгiленді.

    Тұрақты комиссиялардың қызметі

    Облыстық мәслихаттың 5 тұрақты комиссиясы үш жыл бойы жүйелі жұмыс жүргізді.

    • 2023 жылы – 34 отырыс, 90 мәселе, 108 ұсыным.
    • 2024 жылы – 33 отырыс, 83 мәселе, 131 ұсыным.
    • 2025 жылы – 30 отырыс, 75 мәселе, 115 ұсыным.
    • 2026 жылы (жарты жылдық ) - 22 отырыс, 45 мәселе, 37 ұсыным

    Барлығы 119 комиссия отырысында 293 мәселе қаралып, 391 ұсыным қабылданды. Олардың орындалуы тұрақты бақылауда болды.

    Депутаттық сауалдар

    Депутаттық сауалдар халықтың өзекті мәселелерін шешудің маңызды тетігі болды.

    • 2023 жылы – 140 депутаттық сауал;
    • 2024 жылы – 231 депутаттық сауал;
    • 2025 жылы – 226 депутаттық сауал.
    • 2026 жылы - 107 депутаттық сауал

    Барлығы мемлекеттік органдарға 704депутаттық сауал жолданды. Олардың нәтижесінде денсаулық сақтау, білім беру, жол жөндеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қорғау және ауылдық инфрақұрылым бойынша ондаған жобаға облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.

    Бюджеттен қаражат талап ететін 197 депутаттық сауалдың 82 қолдау тауып оң шешілді.

    Мониторинг және депутаттық бақылау

    2024–2026 жылдары депутаттар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарға тұрақты мониторинг жүргізді.

    Тек 2025 жылдың өзінде 587 нысанға, 2026 жылдың (жарты жылдық) – 33 нысанға мониторинг жасалып, білім беру ұйымдарының дайындығы, медициналық нысандардың құрылысы, автомобиль жолдарының сапасы және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының орындалуы бақылауға алынды.

    Халықпен жұмыс

    Депутаттардың қоғамдық қабылдаулары тұрақты түрде өткізілді.

    • 2023 жылы – 194 қабылдау, 287 азамат қабылданды.
    • 2024 жылы – 316 қабылдау, 820 азамат қабылданды.
    • 2025 жылы – 212 қабылдау, 427 азамат қабылданды.
    • 2026 жылы – 66 қабылдау, 276 азамат қабылданды.

    Үш жыл ішінде 788 қоғамдық қабылдау өткізіліп, 1810 азамат қабылданды. Көтерілген мәселелер бойынша депутаттық сауалдар жолданып, олардың басым бөлігі оң шешімін тапты.

    Ашықтық және қоғамдық байланыс

    Мәслихат қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында барлық сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстары онлайн көрсетіліп, әлеуметтік желілерде депутаттардың қызметі тұрақты жарияланып отырды.

    Үш жыл ішінде депутаттар 17 мыңнан астам ақпараттық материал жариялап, тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнатты.

    Заңнаманы жетілдіру

    Облыстық мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына заңнаманы жетілдіру бойынша жыл сайын ұсыныстар енгізіп отырды, осы уақытқа дейін 61 ұсыныс енгізілді.

    2023–2025 жылдары республикалық деңгейде газдандыру, автомобиль жолдары, мемлекеттік сатып алу, жергілікті өзін-өзі басқару, ветеринария және әлеуметтік сала бойынша маңызды бастамалар қолдау тапты.

    Қайырымдылық қызмет

    Үш жыл ішінде депутаттардың бастамасымен әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға 94 млн теңгеден астам қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетілді.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ VIII ШАҚЫРЫЛЫМ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

    Аты-жөні Лауазымы ТОЙЛЫБАЕВА Гүлнар Қожағұлқызы - Мәслихат төрағасы, облыстық мәслихат депутаты САЛЫҚОВА Римма Аждарқызы - Тұрақты комиссия төрағасы, облыстық мәслихат депутаты ЕГІНБАЕВ Ермек Молдақұлұлы - Тұрақты ко...

    Анықтама

    «Жетісу облыстық мәслихатының аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша АНЫҚТАМА

    «Жетісу облыстық мәслихатыныңаппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойыншаАНЫҚТАМА Талдықорған қ. 2026жылғы«07» қазан «Жетісу облыстық мәслихатыныңаппараты»ММ (бұдан әрі –мәслих...

    Шешім

    Жетісу облыстық мәслихатының кезекті XLІІ сессиясы

    Жетісу облыстық мәслихатының кезекті XLІІ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы Жетісу облыстық мәслихаты Регламентінің 12-тармағына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Жетісу облыстық мәслихатыныңкезекті...

    Жетісу облыстық мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Шешім

    Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс XLI сессиясы

    Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс XLІ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы Жетісу облыстық мәслихаты Регламентінің 12-тармағына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Жетісу облыстық мәслихатыныңкезе...

    Жетісу облыстық мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылға арналған Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының мемлекеттік органдарға жолданған депутаттық сауалдардың қаралу нәтижелері жөнінде ТАЛДАУ АҚПАРАТЫ

    Жетісу облыстық мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    2025 жылға арналған Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының мемлекеттік органдарға жолданған депутаттық сауалдардың қаралу нәтижелері жөнінде ТАЛДАУ АҚПАРАТЫ

    Жетісу облыстық мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    2024 жылға арналған Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының мемлекеттік органдарға жолданған депутаттық сауалдардың қаралу нәтижелері жөнінде ТАЛДАУ АҚПАРАТЫ

    Жетісу облыстық мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    2023 жылға арналған Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының мемлекеттік органдарға жолданған депутаттық сауалдардың қаралу нәтижелері жөнінде ТАЛДАУ АҚПАРАТЫ

    Жетісу облыстық мәслихатының аппаратыЖарияланды: