ХАТТАМА «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қызметіндегі жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

    ·

    ХАТТАМА

    «Сәтбаев қаласыныңішкі саясатбөлімі» ММ қызметіндегі жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

    Сәтбаев қ. 2026 жылғы «28» тамыз

    Төрағалық етуші – жұмыс тобының жетекшісі, «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы А.Құрақбай.

    Қатысқандар:

    сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері (тізім бойынша);

    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қызметкерлері.

    Жұмыс тобының хатшысы: «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы Д.Абсаттар.

    Барлығы қатысқандар: 5 адам.

    КҮН ТӘРТІБІ:

    1 «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау.

    1. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды талқылау.
    2. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі ұсынымдар мен шараларды талқылау.

    ТЫҢДАЛДЫ:

    Бөлім басшысының 2026 жылғы 29 маусымдағы № 17 бұйрығы негізінде жүргізілген «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы ақпарат.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылғы 27 маусым мен 27 тамыз аралығында жүргізілді. Талдауға алынған ішкі саясат бөлімінің қызмет кезеңі – 2025 жыл.

    СЖТІТ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) № 4 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу» жобаларын іске асыру жөніндегі нұсқаулығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілді.

    Жария талқылау барысында қатысушыларға ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету, жобаларды іске асыру, шарттар жасасу, бюджет қаражатын игеру, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану бағыттары бойынша жүргізілген талдау нәтижелері туралы ақпарат жеткізілді.

    Сондай-ақ анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сондай-ақ оларды барынша азайтуға бағытталған ұсынымдар мен шаралар талқыланды.

    Келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:

    1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаларды жоспарлау және іске асыру кезінде бюджеттік қаражаттарды тиімді әрі ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;

    2) іс-шаралардың нақты қажеттілігіне байланысты шарт сомасы өзгерген жағдайда, тиісті құжаттарды уақтылы рәсімдеп, пайдаланылмаған қаражатты белгіленген тәртіппен бюджетке қайтаруды қамтамасыз ету.

    Қарастырылып отырған кезең бойынша жүргізілген талдау қорытындысында 2 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды. Анықталған тәуекелдердің іске асу ықтималдығы төмен екені және тиісті ұйымдастырушылық әрі бақылау шараларын қабылдау арқылы оларды барынша азайтуға болатыны белгіленді.

    Талқылау барысында:

    1) мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталуына бақылауды күшейту;

    2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жүргізілуі және оның нәтижелері туралы ақпараттың ресми интернет-ресурста уақтылы орналастырылуын қамтамасыз ету;

    3) ішкі талдау қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту;

    4) қабылданған ұсынымдардың орындалуына тұрақты бақылау мен мониторингті қамтамасыз ету;

    5) қызметкерлер арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу қажеттілігі атап өтілді.

    Талқылау қорытындысы бойынша қорытынды талдамалық анықтамаға өзгерістер енгізуді талап ететін ұсыныстар мен ескертулер келіп түскен жоқ.

    Талқылау нәтижелері бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

    - «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері назарға алынсын.

    - Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілді деп есептелсін.

    - Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілсін.

    - Мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, орындалған жұмыстарды қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуына ішкі бақылау күшейтілсін.

    - Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауға бағытталған түсіндіру және алдын алу жұмыстары жалғастырылсын.

    - Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспары мен қорытынды талдамалық анықтаманың заңнама талаптарына сәйкес ресми интернет-ресурста орналастырылуы қамтамасыз етілсін.

    - Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша әзірленген ұсынымдардың орындалуына тұрақты бақылау мен мониторинг қамтамасыз етілсін.

    1. Осы хаттаманың орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.

    Жұмыс тобының жетекшісі /
    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат

    бөлімі» ММ басшысы А.Құрақбай

    Хатшы Д. Абсаттар

    Жүктеу
    a9098a62b17e971a7e428686b8383ff9_original.2523644.pdf
    PDF · 2,4 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталғандығы туралы анонс

    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталғандығы туралы анонс Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Бекітемін «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ Басшысы ____________________А. Құрақбай «_____» __________________2026 ж. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәт...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Талдамалық анықтама сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қызметінде

    Талдамалық анықтама сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қызметінде Сәтбаев қ. 2026 жылғы 5 тамыз «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ 2026 жылғ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау бойынша жария тыңдау өтетіні туралы хабарландыру

    Тыңдауды ұйымдастырушы:«Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіҚазақстан Республикасы, Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы, 108 Тыңдаудың күні мен орны:2026 жылғы 28 тамыз, сағат 11:00-деСәтбаев қаласы әкі...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жауапты тұлғаны тағайындау туралы

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Бұйрық «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізу туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы Анонс

    Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасыны...

    Жарияланды: