Талдамалық анықтама сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қызметінде

    ·

    Талдамалық анықтама

    сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қызметінде

    Сәтбаев қ. 2026 жылғы 5 тамыз

    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ 2026 жылғы 29 маусымдағы № 17 бұйрығының негізінде келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:

    1) ММ қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    2) мм ұйымдық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі 2026 жылғы 27 шілдеден 25 тамызға дейін.

    Талданатын қызмет кезеңі: 2025 жыл.

    1. Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

    2025 жылғы талдау көрсеткендей, бөлім 2025 жылы 114 бірлік бұйрық шығарды. Оның ішінде негізгі қызмет бойынша басшының бұйрықтары – 24 бірлік, еңбек демалысына жіберу туралы, ескертулер, іссапарлар, әкімшілік – шаруашылық мәселелер бойынша-62 бірлік, жеке құрам бойынша-28 бірлік.

    Есепті кезеңде нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ұйымдық-басқарушылық қызмет.

    1. Персоналды басқару.

    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қызметкерлерінің штат саны 16 бірлікті құрайды, нақты саны – 11,5 бірлік, бос жұмыс орындары: 1-сектор меңгерушісі, 3,5 шарттық негізде. Оның ішінде 3 бірлік мемлекеттік қызметші (1 - басшы, 1 - сектор меңгерушісі, 1 – бас маман), 8,5 бірлік шарттық негізде.

    Мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және лауазымға тағайындау тәртібін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі жүргізеді. Бос жұмыс орны, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізімі, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген тұлғалар туралы барлық ақпарат ЕПИРГО порталында жарияланады. Бұдан басқа, әңгімелесу өткізу үшін сұрақтарды персоналды басқару қызметі қалыптастырады, сондай-ақ кандидаттар үшін барлық жағдайлар тең. Әңгімелесу өткізілгеннен кейін комиссия мүшелері дауыс береді және өз бағасын қояды.

    Қызметкерлерді шарттық негізде іріктеу және лауазымға тағайындау тәртібі қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

    Заңнаманы бұзған немесе оған жол берген, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзған немесе шектеген және заңнамаға сәйкес басқа да бұзушылықтар жасаған адамдарға тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылады.

    Мәселен, 2025 жылдың қорытындысы бойынша тәртіптік жазаның 4 фактісі тіркелді:

    1. «Қоғамдық келісім» КММ директоры О.Н.Жук және бас бухгалтері Қ.Б.Қасымбекова 17.01.2025 ж. сөгіс түрінде тәртіптік жаза алды (негіз Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі статист-есепшісінің қызметтік хаты).
    2. 02.2025 ж. «Қоғамдық келісім» КММ директоры О.Н.Жук және «Сәтбаев қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Ғ.А.Исламбек сөгіс түрінде тәртіптік жаза алды (негіз Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі статист-есепшісінің қызметтік хаты).
    3. Келесі тәртіптік жаза «Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы» КММ директоры М.Т.Айтбаевқа ескерту түріндегі тәртіптік жаза 04.09.2026 ж. қабылданды (негіз Сәтбаев қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысының хаттамасы). Ескерту түріндегі тәртіптік жаза 10.10.2025 ж. алынып тасталынды (негіз Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі сектор меңгерушісінің қызметтік хаты).
    4. 10.2025 ж. ескерту түріндегі тәртіптік жаза «Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы» КММ директоры М.Т.Айтбаевқа қабылданды (негіз «ҚР бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті» ММ басшысының 17.10.2025 жылғы № 2-22203-25-01741 шығыс хаты). Ескерту түріндегі тәртіптік жаза 15.12.2025 ж. алынып тасталынды (негіз Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі сектор меңгерушісінің қызметтік хаты).

    Тәртіптік жазаларды алып тастау 6 ай өткеннен кейін, сондай-ақ ескертулер жойылған кезде жүргізіледі.

    Алынбаған тәртіптік жазалар болған кезде қызметкерлерді көтермелеу жүргізілмейді.

    Ұсынымдар: "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ-де қолда бар бос орындарды интернет-ресурстарға уақтылы орналастыру бойынша жұмысты жалғастыру.

    1. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Талдау барысында анықталған жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметінің (жұмысының) фактілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңының 14-бабының 1-тармағына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдеріне кандидаттарды қоспағанда, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне) лауазымдарға тікелей бағынысты лауазымдарды атқара алмайды, олардың жақын туыстары және (немесе) жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары атқаратын.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде бөлімде жақын туыстарының бірлескен қызметі (жұмысы) фактілері анықталған жоқ. Мүдделер қақтығысы фактілері жоқ.

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін өкілеттіктер мен нормаларды талдау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.

    Басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлықтың көріну фактісі бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды одан әрі күшейту, оның тиімділігін арттыру мақсатында:

    - 2024 жылға арналған № 4 "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" үлгілік базалық бағытын іске асыру бағдарламасы бойынша жұмыс істеу.

    - қолданыстағы заңнаманы және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша Құқықтық жалпыға бірдей оқыту сабақтарын тұрақты негізде өткізу;

    - ұжымда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

    1. Мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Ішкі саясат бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

    1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

    Рұқсат беру функцияларын іске асыру тәртібінің болмауы немесе ішінара реттелуі (қажетті құжаттар, көрсету нысаны, мерзімдері, нәтижесі, бас тарту негіздері және т.б.) анықталған жоқ. Рұқсат беру функцияларын іске асырудың нақты рәсімдерінің белгіленген құқықтық актілермен талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жоқ. Рұқсат беру функцияларын іске асыру кезінде пайдаланылатын, белгіленген тәртіптің бұзылуына әкеп соғатын ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істемеуі анықталмады.

    1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі"ММ іс жүргізуші (хаттар бланкі үшін) және кадр мәселелері жөніндегі әдіскер (бұйрық бланкі үшін) бланкілерді сақтауға, есепке алуға және беруге жауапты тұлғалар болып табылады. Белгіленбеген орындарда бланкілер мен нұсқамаларды сақтау табылған жоқ. Бақылау іс-шараларын өткізу мерзімдерін бұзушылықтар жоқ. Тізбесі құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері анықталған жоқ. Ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде бақылау іс-шараларының процестерін "қолмен" түзету мүмкіндігі жоқ.

    1. Бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру және бөлу.

    2025 жыл үшін жалпы сомада қаржыландырудың жылдық жоспары 463 096 мың теңге бекітілді, оның ішінде 39 409 мың теңге жалақыға, 1 943 мың теңге іссапар шығыстарына, 137 108 мың теңгеге көрсету қызметтер бөлінді. Игерілді 97,7%. Қайтару сомасы 11 000 мың теңгені құрады.

    2025 жылы мемлекеттік қызметкер мен техперсоналдардың медициналық сақтандыру қорының жарнасының жіберіліп қайтарылу, әлеуметтік аударымның қайтарылуы, зейнетақы аударымдардың қайтарылуы фактілері орын алған жоқ.

    1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

    2025 жыл қаңтар-желтоқсан айы жасалған шарттың жалпы сомасы 159 376 мың. теңге құрады оның ішінде:

    Тауарларды сатып алу –22 268 мың. тг. сомаға

    Қызметтерді сатып алу – 137 108 мың. тг. сомаға

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында келесілер анықталды:

    1. 2025 жылы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Наурыз мейрамын мерекелеу іс-шарасы 2025 жылғы 22 наурызда өткізілді, 3 400 000 сомасына жасалды. Бұл ісшараны «Нұр Парасат» ҚБ өткізді .

    Жоспарланған сома 4 500 000 теңге, 3 400 000 теңге сомасында ойналды.

    1. 2025 жылғы 4 маусымда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өткізілді. Іс-шараны ұйымдастыруға бюджеттен 2 000 000 теңге қаражат бөлініп, оның 1 530 000 теңгесі игерілді. Іс-шараны «Нұр Парасат» қоғамдық бірлестігі өткізді.

    Жоспарланған сома 2 000 000 теңге, 1 530 000 теңге сомасында ойналды.

    1. 2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша бастапқы шарттың жалпы сомасы 20 000 000 теңгені құрады. Іс-шараларды ұи мйымдастыруға қажетті шығындардың нақты көлеміне байланысты қосымша келісім жасалып, шарт сомасы 8 500 000 теңге болып нақтыланды. Конкурстың кеш өткізілуіне байланысты шарт бойынша қалған қаражатты жыл соңына дейін толық игеру мүмкіндігі болмады. Осыған байланысты игерілмеген 11 500 000 теңге қаражат бюджетке толық көлемде қайтарылды.
    2. 2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халық үшін көрнекті тұлғалармен кездесулер ұйымдастыру бойынша шарттың жалпы сомасы 7 142 857 теңгені құрады. Іс-шараларды ұйымдастыруға қажетті шығындардың нақты көлеміне байланысты шарт талаптары қайта қаралып, қосымша келісім негізінде шарт сомасы 1 000 000 теңгеге дейін нақтыланды. Алайда, көрнекті тұлғалардың келе алмауына байланысты жоспарланған іс-шара өткізілмеді. Осыған байланысты шарт бойынша қаражат толық көлемде бюджетке қайтарылды.
    3. 2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша 6 000 000 қаражат бөлініп, 5 300 000 тг ойнатылды. Бұл ісшараны «Ұлытау жастары» ҚБ өткізді. Бұл ісшара жоспар бойынша жыл болады.
    4. 2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен олардың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету бойынша іс-шара өткізілді. Іс-шараны ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 2 000 000 теңге қаражат бөлініп, 1 350 000 теңге игерілді. Іс-шараны «Нұр Парасат» қоғамдық бірлестігі өткізді.
    5. 2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Медицина қызметкерлері күнін мерекелеуге орай Сәтбаев қаласы әкімінің денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін «Шипагер» марапаттау іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға 10 000 000 теңге қаражат бөлініп, 9 500 000 теңге игерілді. Іс-шараны «Нұр Парасат» қоғамдық бірлестігі өткізді.
    6. 2025 жылы Қазақстан Республикасы Полициясы күнін мерекелеуге орай «Ел қорғаны» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде Сәтбаев қаласы әкімінің полиция қызметкерлеріне арналған сыйлығын табыстау іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға 3 000 000 теңге қаражат бөлініп, 2 700 000 теңге игерілді. Іс-шараны «Нұр Парасат» қоғамдық бірлестігі өткізді.
    7. 2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Сәтбаев қаласы туралы анықтамалық альбом шығару бойынша іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға 15 000 000 теңге қаражат бөлініп, 13 500 000 теңге игерілді. Іс-шараны «Нұр Парасат» қоғамдық бірлестігі өткізді.
    8. 2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараларға 4 000 000 теңге қаражат бөлініп, 3 600 000 теңге игерілді. Іс-шараларды «Нұр Парасат» қоғамдық бірлестігі өткізді.
    9. 2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде жыл қорытындысы бойынша этномәдени бірлестіктердің, діни сала өкілдерінің, мобильді топ мүшелерінің және Қазақстан халқы Ассамблеясы мамандарының еңбегін атап өтуге және марапаттауға арналған іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға 4 000 000 теңге қаражат бөлініп, 3 900 000 теңге игерілді. Іс-шараны «Ұлытау жастары» қоғамдық бірлестігі өткізді.
    10. 2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «100 жыл жыр» жобасы ұйымдастырылып, өткізілді. Жобаны іске асыруға 5 000 000 теңге қаражат бөлініп, 4 500 000 теңге игерілді. Жобаны «Нұр Парасат» қоғамдық бірлестігі өткізді.
    11. 2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында пікірсайыс турнирі ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға 4 000 000 теңге қаражат бөлініп, 3 600 000 теңге игерілді. Іс-шараны «Нұр Парасат» қоғамдық бірлестігі өткізді.
    12. 2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Еңбек күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараларға 10 000 000 теңге қаражат бөлініп, 9 000 000 теңге игерілді. Іс-шараларды «Нұр Парасат» қоғамдық бірлестігі өткізді.
    13. 2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде әлеуметтік бейнероликтер әзірлеу және тарату бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараларға 1 000 000 теңге қаражат бөлініп, 900 000 теңге игерілді. Жобаны «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігі іске асырды.
    14. 2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде мобилография негіздерін оқытуға және қатысушылар арасында конкурс өткізуге бағытталған «Clic&GO» шығармашылық жобасы ұйымдастырылып, өткізілді. Жобаны іске асыруға 16 000 000 теңге қаражат бөлініп, 14 400 000 теңге игерілді. Жобаны «TURAQTY DAMU» жастар қоғамдық бірлестігі өткізді.
    15. 2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде полиция бөлімшесінің қоғам белсенділерін марапаттауға арналған іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға 4 500 000 теңге қаражат бөлініп, 4 355 000 теңге игерілді. Іс-шараны «Центр гражданских инициатив – Жастар» қоғамдық бірлестігі өткізді.
    16. 2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды қолдау бойынша қызметтер ұйымдастырылып, жүзеге асырылды. Қызметтерді көрсетуге 6 000 000 теңге қаражат бөлініп, 5 400 000 теңге игерілді. Жобаны «Нұр Парасат» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды.
    17. 2025 жылы үкіметтік емес ұйымдарды дамыту жобасы шеңберінде іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Жоба аясында үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетілді. Іс-шараларға 750 000 теңге қаражат бөлініп, 650 000 теңге игерілді. Жобаны «Ұлытау жастары» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды.
    18. 2025 жылы жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға бағытталған Сәтбаев қаласы әкімінің «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын ұйымдастыру және беру қарастырылды. Аталған мақсатқа жергілікті бюджеттен 35 000 000 теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде 34 000 000 теңгеге келісімшарт жасалды. Техникалық ерекшелікке сәйкес гранттарды қаржыландырудың жалпы сомасы 32 000 000 теңгені құрады.
    19. 2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу іс-шаралары жүзеге асырылды. Іс-шараларға 1 500 000 теңге қаражат бөлініп, 1 350 000 теңге игерілді. Іс-шараларды «Ұлытау жастары» қоғамдық бірлестігі өткізді.
    20. 2025 жылы 25 шілдесінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Мерейлі отбасы» қалалық байқауын ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шара жүзеге асырылды. Іс-шараға 3 000 000 теңге қаражат бөлініп, 2 700 000 теңге игерілді. Іс-шараны «Арман асуы» қоғамдық қоры өткізді. 2025 жылдың 14 шілдесінде комиссия отырысы өтіп, жеңімпаз отбасы анықталды.
    21. 2025 жылы «Эко-Сат» жобасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Жобаны іске асыруға 6 000 000 теңге қаражат бөлініп, 5 400 000 теңге игерілді. Жобаны «Нұр Парасат» қоғамдық бірлестігі өткізді.
    22. 2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында БАҚ қызметкерлері күніне арналған іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға 4 000 000 теңге қаражат бөлініп, 3 600 000 теңге игерілді. Іс-шараны «Нұр Парасат» қоғамдық бірлестігі өткізді.
    23. 2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға 5 000 000 теңге қаражат бөлініп, 4 500 000 теңге игерілді. Іс-шараны «Нұр Парасат» қоғамдық бірлестігі өткізді.
    24. 2025 жылғы 10 желтоқсанда қызметте және қоғамдық жұмыста оң нәтижелер көрсеткен креативті, талантты, белсенді жастарды және еңбек адамдарын қолдау мен ынталандыру мақсатында «Жыл үздігі – 2025» марапаттау іс-шарасы өткізілді. Іс-шараны ұйымдастыруға бюджеттен 20 000 000 теңге қаражат бөлініп, 17 300 000 теңге игерілді. Іс-шараны «AJGB» қоғамдық бірлестігі өткізді. Техникалық спецификация бойынша 14 000 000 тг марапат иелеріне сыйақы көлемі.

    Ұсынымдар:

    - мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаларды жоспарлау кезінде іс-шаралардың нақты көлемі мен қажетті шығындарды ескере отырып, бюджеттік қаражаттарды тиімді жоспарлауды қамтамасыз ету;

    1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

    Бөлім жұмысында ақпараттық жүйелер қолданылады: ҚБҰ «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі»; ААЖ eQyzmet; «Мемлекеттік органдардың интранет-порталы» МОИП; ААЖ Enbek; Азаматтардың барлық өтініштерді қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы «Е-өтініш»; «Электрондық мемлекеттік сатып алу порталы» ААЖ; «Қазынашылық-клиент» АЖ, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және мүдделер қақтығысын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

    Ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

    Қорытынды:

    Жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы 2 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды. Анықталған тәуекелдердің іске асу ықтималдығы төмен екені және тиісті ұйымдастырушылық әрі бақылау шараларын қабылдау арқылы оларды барынша азайтуға болатыны белгіленді.

    1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаларды жоспарлау және іске асыру кезінде бюджеттік қаражаттарды тиімді әрі ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;

    2) іс-шаралардың нақты қажеттілігіне байланысты шарт сомасы өзгерген жағдайда, тиісті құжаттарды уақтылы рәсімдеп, пайдаланылмаған қаражатты белгіленген тәртіппен бюджетке қайтаруды қамтамасыз ету.

    Қажет:

    • мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаларды жоспарлау және іске асыру кезінде бюджеттік қаражаттарды тиімді әрі ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
    • іс-шаралардың нақты қажеттілігіне байланысты шарт сомасы өзгерген жағдайда, тиісті құжаттарды уақтылы рәсімдеп, пайдаланылмаған қаражатты белгіленген тәртіппен бюджетке қайтаруды қамтамасыз ету.
    • Ұсынымдардың орындалуын бақылау мен мониторингті өзіме қалдырамын.

    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат

    бөлімі» ММ басшысы А. Құрақбай

    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат

    бөлімі»ММ сектор меңгерушісі А.Байбуланова

    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат

    бөлімі»ММ бас маманы Д.Абсаттар

    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат

    бөлімі» ММ статист-есепшісі С.Мухаметшина

    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат

    бөлімі» ММ әдіскері М.Жалгасбаева

    Жүктеу
    58a3c4ce419e28df1e599fbf4d731397_original.7455154.pdf
    PDF · 7,1 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталғандығы туралы анонс

    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталғандығы туралы анонс Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Бекітемін «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ Басшысы ____________________А. Құрақбай «_____» __________________2026 ж. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәт...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ХАТТАМА «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қызметіндегі жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

    ХАТТАМА «Сәтбаев қаласыныңішкі саясатбөлімі» ММ қызметіндегі жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау Сәтбаев қ. 2026 жылғы «28» тамыз Төрағалық етуші – жұмыс тобының жетекшіс...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау бойынша жария тыңдау өтетіні туралы хабарландыру

    Тыңдауды ұйымдастырушы:«Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіҚазақстан Республикасы, Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы, 108 Тыңдаудың күні мен орны:2026 жылғы 28 тамыз, сағат 11:00-деСәтбаев қаласы әкі...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жауапты тұлғаны тағайындау туралы

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Бұйрық «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізу туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы Анонс

    Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасыны...

    Жарияланды: